Ислам діні

Бас мүфти коронавирустан көз жұмған адамның жаназасы қалай оқылатынын айтты

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Қасиетті Рамазанға дейін бір айдан аз уақыт қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Карантин созылып, оразаға әсер етпей ме?

 

Егер алда-жалда елдегі төтенше жағдай режимі ұзартылып жатса, Мүфтият тиісті шешім қабылдайды. Мұны бүгін Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты.

 

Бетін аулақ қылғай, коронавирустан көз жұмған адамның жаназасы үйінің ауласында емес, зират басында оқылады. Ғұламаларымыз шариғат шеңберінде осындай пәтуа шығарды.

 

Бұдан бөлек, имам мен мәйіттің арасы бірнеше метр болуы тиіс.

 

«Ал асты кейін де беруге болады. Исламда ас-су адам қайтқан күні берілуі керек деген пәтуа жоқ», – деді мүфти.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:

 

– Қазіргі кезде қабылданған ережелерде оның арнайы СЭС өкілдері сол қайтыс болған адамды өздері дайындайды. Шариғаттың шеңберінде сол қайтыс болған адамды қалай дайындау керектігі жөнінде регламентті оларға беріп қойдық. Қазір мұның бәрі ДСМ берілді. Олар әрі қарай өздерінің мекемелеріне жібереді. Одан соң біздің имамдар жаназасын оқиды. Ал жерлеген кезде де арнайы адамдар жерлейді. Мәйітті алып келгенде де арнайы адамдар алып келеді. Арнайы қызмет өздері атқаратын болдық.


 




Көрілген: 1385    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 20:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31