Ислам діні

БАСҚА АДАМНЫҢ АТЫНАН ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛАДЫ МА?

  • БАСҚА АДАМНЫҢ АТЫНАН ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛАДЫ МА?

    БАСҚА АДАМНЫҢ АТЫНАН ОРАЗА ҰСТАУҒА БОЛАДЫ МА?

Жалпы құлшылықтарды үшке бөліп қарастырсақ болады. Тек қана мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық, дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық.

Бірінші, мал-мүлікпен ғана жасалатын құлшылық. Оған зекет, садақа және кәффарат төлеу секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреу арқылы барлық жағдайларда атқаруға болады. Екінші, дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық. Бұған намаз, ораза секілді құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықтарды біреудің орнына біреу атқаруына мүлде болмайды. Үшінші, дене мүшелерімен және мал-мүлікпен жасалатын құлшылық. Оған қажылық сияқты құлшылықтар жатады. Мұндай құлшылықта біреудің орнына тек қана орындай алмайтын әлсіз болған жағдайда ғана орындауға рұқсат етіледі[1]. Ораза, намаз дене мүшелерімен ғана жасалатын құлшылық болғандықтан біреудің орнына біреу атқаруына болмайды. Денсаулығы жарайтын, кәмелетке толған, ақыл-есi дұрыс мұсылман оразаны өзі ұстайды. Ал ауруынан жазылуынан күдер үзген науқастар және жасы үлкен егде адамдар ауыз бекітуге шамасы келмесе, ораза ұстамайды. Оның орнына підия береді. عن ابن عباس أنه قال لا يصوم أحدٌ عن أحدٍ، ولا يُصلِّي أحدٌ عن أحد، ولكن يُطعِم عنه Ибн Аббас (р.а.) келген руаятта: «Ешкім басқа біреудің орнына ораза ұстай алмайды, ешкім басқа біреудің орнына намаз оқи алмайды. Бірақ ол кісінің атынан кедей, міскіндерді тамақтандырады»[2], – деген. Қайтыс болған адам ұстай алмаған ораза күндері үшін підия беруді өсиет еткен болса мирасқорлары артынан қалған мал-дүниесінің үштен бірінен береді. Ал егер өсиет етпеген болса мирасқорлары оның атынан підия беруі міндет емес. Алайда берген жағдайда шариғатта оған ешқандай тыйым жоқ. Алайда намаз оқып, ораза ұстап, садақа беріп, оның сауабын дүниеден өткен және тірі адамдарға бағыштаса, оның сауабы оларға барады. وقال الكاساني : من صام أو صلى أو تصدق وجعل ثوابه لغيره من الأموات والأحياء جاز ويصل ثوابه إليهم عند أهل السنة والجماعة. Имам әл-Касани: «Егер бір адам ораза ұстап, намаз оқып, садақа беріп, оның сауабын дүниеден өткен және тірі адамдарға бағыштаса, «Әһлу суннет уәл жамағат» сенімі бойынша оның сауабы оларға барады[3]», – деген.

[1] Әл-Муфассал кітабы, 418-бет. [2] Имам Насаи риуаят еткен. Иснады сахих. [3] Имам әл-Кәсани, Бадаиғ-3/270 бет. Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=982 




Көрілген: 579    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 18:16
    ДЕРТКЕ ШИПА АЯТТАР
    11 Маусым, 10:26
    63 пайғамбар жасы емес
    9 Маусым, 09:55
    ИСЛАМДАҒЫ ТОЙ ӘДЕБІ
    6 Маусым, 12:19
    63 пайғамбар жасы емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31