Ислам діні

Басқа адамның орнына қажылықты өтеу дұрыс па ?

  • http://ihsan.kz

    http://ihsan.kz

Ислам дінінде ғибадаттар үш түрге бөлінеді:


1.Тек қана денемен орындалатын ғибадаттар: намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу, т.б.


2.Тек қана дүние-мүлік, байлықпен орындалатын ғибадаттар: зекет, пітір садақасы, құрбан шалу, т.б.


3.Әрі малмен, әрі денемен орындалатын ғибадаттар: қажылық ғибадаты.

Бұл ғибадаттардың кез-келгенін нәпіл ретінде орындап, сауабын өлі болсын, тірі болсын басқа адамға бағыштауға болады. Бірақ, бұл ғибадаттарды мойнындағы парызынан құтылу үшін басқа біреуге өкіл ретінде орындатқызу мәселесі мүлдем бөлек екенін ескертейік. Тек қана денемен атқарылатын намаз, ораза сияқты ғибадаттарда өкілдік мүлде жүрмейді. Яғни, ешкім басқаның орнына мойнындағы парызынан құтылдыру үшін намаз оқып, ораза ұстай алмайды. Ал, тек қана малмен атқарылатын зекет беру, құрбан шалу сияқты ғибадаттарда өкілдік толығымен жүреді. Мысалға, малының зекетін басқа бір адам өкіл ретінде керекті орындарға беруіне болады. Ал, қажылық сияқты әрі денемен, әрі малмен орындалатын ғибадаттарда өкілдіктің жүруі үшін қажылығын орындай алмай өліп кету, жазылуы мүмкін болмаған ауыр науқас, қатты кәрілік сияқты бөгеттердің болуы керек.


Қажылықта өкілдіктің кейбір жағдайларда жүретіндігіне байланысты дәлел ретінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бірнеше хадисі бар. Мысалға, мына екі хадис бұл дүниеден қажылыққа бармастан көз жұмып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға болатындығын білдіреді:


Жүһәйнә тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп былай деді:


- Уа, Аллаһтың Елшісі, менің шешем қажылық ғибадатын жасауға уәде берген еді, бірақ орындай алмай бұл дүниеден көз жұмды. Оның орнына қажылыққа барсам бола ма?


Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді:


- Иә, оның орнына қажылыққа бар. Қалай ойлайсың? Шешеңнің басқа біреуге қарызы болса өтейтін бе едің?


- Иә, өтеймін, – деді.


- Олай болса, Аллаһ Тағалаға болған қарызын да өтеңдер. Өйткені, қарызы өтелуге ең лайық – Аллаһ Тағала. Басқа бір уақытта бір сахаба Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп:


- Әкемнің мойнына қажылық парыз бола тұра бұл дүниеден өтіп кетті. Оның орнына қажылыққа барсам бола ма?, – деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.):


- Қалай қарайсың, әкеңнің қарызы болса өтейтін бе едің?», – деді.


- Иә, өтеймін». – деді сахаба. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олай болса әкеңнің орнына қажылыққа бар, – деді.


Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра көзінің тірісінде қажылыққа бара алмағандар дүниеден өтерден бұрын артында қалған мирасқорларына өзінің орнына өкіл жіберулерін талап етіп, өсиет етулері уәжіп. Қажылық ғибадаты мойнында парыз бола тұра бұл дүниеден қайтқан кісілердің мұндай өсиеті жоқ болса, артында қалған мирасқорлары өкіл ретінде басқа біреуді жіберуге міндеттелмейді. Бұл дүниеден қажылық ғибадатын орындай алмай қайтып кеткен кісілердің орнына өкіл ретінде қажылыққа баруға болатыны сияқты, қажылықты орындай алмайтындай дәрежеде ауру немесе кәрі болғандардың орнына да қажылыққа баруға болады. Хаасам тайпасынан бір әйел Пайғамбарымызға (с.а.у.) келіп::


- Уа, Аллаһтың Елшісі! Аллаһ Тағаланың құлдарына парыз қылған қажылық ғибадаты әкеме кәрілігінде парыз болды. Бірақ, ол бұл қажылық жолына шыдай алмайды. Мен оның орнына қажылыққа барсам бола ма?, -- деп сұрақ қойды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә», – деп жауап қатты.


ihsan.kz


 


 




Көрілген: 979    Пікірлер: 0

жұма, 07.06.2019, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31