Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

БЕС ЖЕРДЕ АСЫҒУ СҮННЕТ

01 тамыз 2022, 18:56

Асығу – бірдеңені мезгілінен тезірек болса екен деп тілеу. Адам табиғаты сабыр мен төзімі аз және көп нәрсені тезірек болса деп тілейтін сипатпен жаратылған. Расында асығыстық шайтанға тән мінез, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Мazhab.kz-ке сілте,ме жасап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Дұға еттім, дұғам қабыл болмады деп асықпасаңдар, дұғаларың қабыл болады”. (Сүнән Әбу Дәуід)

 

Асығу – бірдеңені мезгілінен тезірек болса екен деп тілеу. Адам табиғаты сабыр мен төзімі аз және көп нәрсені тезірек болса деп тілейтін сипатпен жаратылған. Расында асығыстық шайтанға тән мінез.

 

Хатәм Әсам былай деген:

 

“Асығыстық шайтанға тән болғанмен, бес жерде асығу Пайғамбарымыздың (с.a.у.) сүннеті:

 

-        Құдайы қонақ келгенде ас беруде.

 

-        Біреу қайтыс болғанда, oны көмуде (жуып, кебіндеп, жаназа намазын оқып жерлеуге).

 

-        Балиғатқа толған қыз баланы тұрмысқа беруде.

 

-        Мезгілі толған қарызды қайтаруда.

 

-        Күнә жасағанда тәубеге келуде”.