Ислам діні

БЕС ҚАУІПТІ ӨТКЕЛ БЕС УАҚЫТ НАМАЗБЕН ӨТІЛЕДІ  

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Намазда оң, солға қараудан сақтаныңдар. Өйткені, сендер намазда болған уақытша, Аллаға жалбарынасыңдар». (Табарани, «әл-Мұғжам ул-Әусат»)

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: 

«Шүбәсіз Адамдардың алдында бес қауіпті өткел бар. (Амалы) әлсіз және күшсіз болғандар одан өте алмайды». Әбу Бәкір (р.а.): «Бұл бес қауіпті өткел не уа, Расулалла!» - деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:

•    Өлім және өлімнің қиындығы.

•    Қабір мен ондағы қорқынышты жалғыздық және тарлығы.

•    Мүнкәр мен Нәкірдің сұрағы және олардың сұсты жүздері.

•    Мизан және амалдардың мизанда жеңіл болу қорқынышы.

•    Сырат және оның жіңішкелігі».

Әбу Бәкір (р.а.) мұны естігенде қатты жылай бастады. Сол кезде Жәбірейіл (а.с.) дереу түсіп, былай деді: «Уа, Мұхаммед (с.а.у.)! Әбу Бәкірге айт, жыламасын! Арабтардың «Өлімнен басқа барлық дерттің емі бар» деген сөзін естімеді ме?». Сосын Жәбірейіл (а.с.) былай деді:

«Кім таң намазын оқыса оған өлім мен өлім қиындығы жеңіл болады.

Кім песін намазын оқыса Қабір мен қабірдің тарлығы оған жеңілдейді.

Кім екінті намазын оқыса Мүнкәр мен Нәкирдің сұрағы және олардың айбыны оған жеңіл болады.

Кім шам намазын оқыса мизан және амалдардың жеңіл болып қалу қорқынышы оған жеңіл болады.

Кім құптан намазын оқыса сырат пен оның жіңішкелігі оған жеңіл болады».

mazhab.kz




Көрілген: 1489    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.08.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31