Ислам діні

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

  • Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

    Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады", - деді діни басқармадағылар.


Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді.


Пітір садақасы жайлы

Пітір сөзі араб тілінде "жаратылыс" деген мағынаға саяды, сол себепті кей ғұламалар пітірді "дененің зекеті" деп атаған. Пітір садақасы - күнделікті қолданыстағы негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде, нисап көлеміндегі байлыққа ие адамға міндетті садақа. Шариғаттағы үкімі – уәжіп. Рамазан оразасы парыз етілген жылы пітір садақасы да уәжіп етілді. Шариғатымызда аталмыш садақаны Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс.


Пітір садақасы кімдерге уәжіп?

Айт күні таң атысымен пітір садақасын беру уәжіп болғандықтан, бұл уақыттан бұрын дүниеден өтіп кеткен адамдар үшін міндет емес. Ал, осы уақыттан кейін қайтса, дүниеден өткен адамның туыстары артында қалған малынан өтейді.


Сол сияқты таң атпай дүние есігін ашқан сәбиге пітір садақасы - уәжіп. Таң атқаннан кейін туған балаға – міндет емес. Бір мұсылманның пітір садақасы мұқтаж бір адамға беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше адамға бөліп беруге болмайды. Бірнеше адамның садақасын біріктіріп, тек қана бір мұқтаж отбасына беруге болады.


Пітір садақасынан жиналған дүниені, ең алдымен жергілікті жердегі әлеуметтік әлжуаз, мұқтаж адамдарға берілуі тиіс. Жергілікті жерде садақаға мұқтаж адамдар бола тұра, басқа жердегі мұқтаждарға үлестіріп беру - мәкруһ.


Бір ай бойы қиыншылықпен ұсталған оразаның қабыл болуына да осы садақа себеп болады. Осы себепті де ғалымдарымыз пітір садақасының абзалдығына тоқталып, шамасы жеткен әр мұсылман беру керектігін баса айтып өткен.


Рамазан айы - 2019

2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр. 




Көрілген: 1286    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 14:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31