Бір туған ағайындылардың балалары бір-біріне үйлене беруіне болады - Имам

01 маусым 2022, 18:53

Қырғызстандық имам Мақсат Тоқтомушев уағыздарының бірінде ағайындылардың балалары бір-біріне үйленуге әбден болатынын айтқан. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі Ахметбек Нұрсиланың Facebook парақшасына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

"Мына имамдардың айтуынша ағайында адамдардың балалары бір - біріне үйлене беруіне әбден болады екен..

 

"Жеті ата өтпей үйленуге болмайды",- деген сонда қазақтың надандығы ма?

 

"Шымшық сойса да қасапшы сойсын" дейсіздер ғой.. сонда осы имамдарды, ислам ғалымдарын тыңдасақ не болғаны?

 

Ұрпағымыз азғын болып кетпейді ме?", - деп жазды Ахметбек Нұрсила.