Ислам діні

Бұл - шайтан ісі: Бас мүфти жыныс ауыстыру мәселесі жайлы айтты

  • Бұл - шайтан ісі: Бас мүфти жыныс ауыстыру мәселесі жайлы айтты

    Бұл - шайтан ісі: Бас мүфти жыныс ауыстыру мәселесі жайлы айтты

Бас мүфти жыныс ауыстыру мәселесі жайлы айтты. Бұны азғындықтың ең ауыр түрі деп атап, оған жол бермеуге шақырды. Наурызбай қажы Тағанұлы жыныс ауыстырудың шариғатта күнә екенін түсіндерді.

«Бұрын өз жаратылысынан жеру деген жағымсыз істі жат жұрттан көріп, жағамызды ұстаушы едік. Өткен жолы Алматы көшесінде өз құқығын желеу еткендердің ЛГБТ-ның түрлі-түсті жалауын желбіретіп жүргені арқамызға аяздай батты. Енді жыныс ауыстыруға ресми рұқсат берілгені қоғамның наразылығын тудыруда.

 
Жыныстық мүшені ауыстыру – өз жаратылысыңа қарсы шығу. Бұл – азғындықтың ең ауыр түрі, шайтан ісі. Алла Тағала Құранда «Ниса» сүресінің 119-аятында лағынетке ұшыраған ібіліс шайтанның адам баласын азғыру туралы былай деп ант ішкенін ескертеді: «Мен оларға (адамзатқа) Алланың жаратылысын өзгертсін деп сөзсіз әмір етемін».

Демек, кім әзәзіл шайтанды дос тұтып, өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса – ашық адасқаны, лағынетке ұшырағаны», – деп жазды еліміздің дінбасы.


Егіз жігіттер жынысын ауыстырып, апалы-сіңлі болды

Елордалық азамат өгей қызын жыныстық қатынасқа тартпақ болған: Қыздың анасы көмек сұрады

«Қазір өзіндік ойы мен таңдауы қалыптасқан, кейбір істерде үлкендердің ақыл-кеңесін қажет ете бермейтін буын өсіп келеді. Сол үшін ұлымызды намысты, жігерлі етіп, ал қызымызды мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу – біздің басты міндетіміз. Ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлан-ғайыр жерді келер ұрпаққа аманаттап тастап кетуіміз үшін, ұрпағымызға сол аманатқа қиянат жасап қоймайтындай тәлім-тәрбие бере білуіміз керек», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жыныс ауыстыруға рұқсат беру мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Өнер өкілдері мен қоғам белсенділері қарсы шығып, үн қосты. Президент пен бас мүфтиге үндеу жолдады. Жыныс ауыстыруға да, оларға тегін ота жасауға рұқсат беруге деп қарлылықтарын білдірді. 

Алайда денсаулық сақтау министрлігі жынысты тегін ауыстыруға рұқсат берілмегенін, алайда жынысты ауыстыруға рұқсат 2003 жылы берілгенін атап көрсетті. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі өзінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекітті. Бұйрықта жынысын 21 жасқа толған және қабілетті гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдар ауыстыра алады деп айтылған.

stan.kz




Көрілген: 971    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.03.2021, 15:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31