Ислам діні

«Біз өлігін өртейтін Үндістан елі емеспіз» - Қайрат Жолдыбайұлы

  • «Біз өлігін өртейтін Үндістан елі емеспіз» - Қайрат Жолдыбайұлы

    «Біз өлігін өртейтін Үндістан елі емеспіз» - Қайрат Жолдыбайұлы

Атқамінерлердің Астана және Алматы қалаларында крематорий салу туралы бастамасы қазақ қоғамының қарсылығын тудырып жатыр. Мәйітті өртеу қазақ ұғымында жоқ дүние. Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлының айтуынша, бұл  діни тұрғыдан да, адами тұрғыдан да құпталмайтын іс, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астана қаласында 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңгеге мәйітті өртейтін крематорий салынбақшы. Бұл қалай? Біз өлігін өртейтін Үндістан емеспіз. Мәйітін арулап жерлейтін мұсылман елінде мұнша қаражат шашып крематорий салудың қажеті қанша?! Жерлеу біздің мәдениетіміз, дініміз. Еліміздегі тарихи зираттарға қарап, жердің иесі екенімізді білеміз. Әруақ силау біздің қасиетіміз. Осынау байтақ далада мәйітті жерлеуге орын жетпейді деу ақылға сыйымсыз», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Сондай-ақ, ол жерлеудің белгілі бір стандартта болғаны дұрыс екенін жазады. Бірақ мәйітті өртеу ақылға сыймайтын дүние. 

«Әрине мына заманда жерлеуді белгілі бір стандарттарға келтіру қажет. Бай болсын, кедей болсын бөлінетін жердің мөлшері шектеулі болуы керек. Қалай болса, солай шашыраңқы, ыйқы-жыйқы бейіт тұрғызуды доғаруымыз қажет. Ысырап қылып зәулім-зәулім күмбезді зират тұрғызуды тоқтатуға тиіспіз. Жалпы зират аумағын ғана қоршап, белгі ретінде құлпы тасқа кісінің аты-жөні жазылса, жеткілікті. Мұның бәрін заңды түрде реттеуге болады. Мұфтият крематорий салуға ресми түрде өз позициясын білдіруге, зиярат тұрғызу, жерлеу тәртібін ұсынуға тиіс», - деп атап өткен дінтанушы. 

Осыдан бірнеше күн бұрын «Ашық бюджеттер» порталында Астана қаласында 3,6 миллион долларға жанында зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отырғаны туралы ақпарат таралған болатын. 

Порталдың жазуынша, крематорий құрылысы биыл басталады. Нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру қалалық құрылыс басқармасы және ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді. «Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту. Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады», - делінген хабарламада.

Сол секілді Алматының Алатау ауданында да тағы бір крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Алматы әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжатын даярлауға тендер жариялады. Техникалық сипаттамасына сай, крематорий бір залдан және екі пештен тұрады. Жобаның құжатын әзірлеуге 46,8 млн теңге бөлінген.

Оқи отырыңыз: «Мүрдені өртеу асыл дінімізде жоқ дүние» - ҚМДБ өкілі
 

 

 

 




Көрілген: 1118    Пікірлер: 0

жұма, 14.08.2020, 13:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31