Дәреттің ақыретте тигізер пайдасы

Дәреттің ақыретте тигізер пайдасы

Ғибадаттың діңгегі – намаз. Ал, намаздың кілті – дәрет. Дәрет алу арқылы рух серігіп, жан сарайы Тәңірі жолдайтын жақсылықтарға айқара ашылады.

Әбу Һурайра (р.а) дәрет алғанда қолын иыққа дейін, аяғын тізеге дейін жуатын. Мұның себебін сұрағандарға ол Алла елшісінің: «Қиямет күні үмбетімді шақырғанда, олар дәрет алған ағзалары жарқыраған күйде келеді.

Сондықтан мүмкіндігі болғандар жарқырауын ұлғайтсын! (Мүслимнің басқа бір риуаятында: «Мүминнің әшекейі дәреттің жеткен жеріне дейін көтеріледі» делінген)» 1, – дегенін естідім» дейтін.

Басқа бір риуаятта Әбу Һурайра тақырыпты кеңінен тарата отырып баяндайды: «Алла елшісі қабірстанға (Бақи-ул Ғарқад қабірстанында он мыңға жуық сахаба жерленген) барып: «Уа,мүминдердің өңірі, сәлем болсын сендерге! Иншалла біз де сендердің қатарларыңа қосылатын боламыз. Діні бір бауырларымды қатты көргім келеді», - деді.

Сонда сахабалар: «Біз сізге бауыр емепіз бе, уа, Алланың елшісі!?», – деп сұрады. Бұл сұраққа пайғамбарымыз: «Сендер менің достарымсыңдар! Бауырларым әлі келе қойған жоқ», деп жауап қатты.

Сахабалар: «Үмбетіңізден әлі келмегендерді қалай танитын боласыз?, уа, Алла елшісі?, -дегенде, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «Қалай дерің бар ма? Қара торы көп жылқының ішінен аққасқа аттарын иесі түстеп тани алмаушы ма еді?», – деп, осы секілді олар да дәрет алған ағзалары жарқырап келетін болады...» 2, - деді.

Уқба ибн Амир (р.а) жеткізген хадисте дәреттің жәннатта аяқталатын серуеннің басы екені айтылады: «Біз кезекпен түйе бағушы еді. Бір күні кезек маған келді. Кешқұрым түйелерді қырға айдап салып, қайтқанымда Алла елшісіне(с.ғ.с) соқтым. Ол халыққа уағыз-насихат айтып тұр екен. Сөзінің соңында: «... кімде-кім жақсылап дәрет алып, барынша беріліп екі рәкәғат намаз оқыса, оған жәннат уәжіп болады», – дегенін естіп қалдым.

Мұны естіп қуанғанымнан: «Бұл неткен жақсы хабар!» -дедім. Сонда алдымда тұрған біреу: «Мұның алдында айтқаны тіпті жақсы болатын» -деді. «Кім екен?» деп жүзіне қарасам, Омар ибн Хаттаб екен. Ол сөзін әрі қарай жалғастырып: «Кімде-кім дәрет алса және мұны жақсылап орындаса, содан соң «Әшхәду ән лә иләһә иллалаһ уә әшһаду әннә Мұхаммәддән абдуһу уә расулуһу. (Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед Алланың құлы әрі елшісі екеніне куәлік етемін). Уа, Алла, мені тәубе етушілерден, тазартушылардан қыла гөр!», –десе, оған жәннаттың сегіз қақпасы да айқара ашылып, қалаған есігінен ішке енеді» 3, –деді.

ihsan.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста