Ислам діні

ДЕМ САЛУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Дем салу (руқия) – дұға болып табылады. Ақиқатында, қорғаушы да, шипа беруші де – тек бір Алла. Ал, дұғаның мазмұны және сөздері шариғатқа теріс болмауы керек. Басқаша айтқанда, дем салу – Құран аяттарымен, Алла Тағаланың көркем есімсипаттарымен және Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) жеткен дұғалармен болуы керек.

 

Бала-шағаны, дүние-мүлікті және өзіңізді таңертеңгілік және кешке оқылатын дұғаларды оқумен, арагідік садақа берумен, діни міндеттерді орындаумен және туыстық қарым-қатынасты жақсартумен қорғаған жөн. Дем салу қажет болған жағдайда адамның өз-өзіне дем салғаны дұрысырақ. Ол үшін арнайы маманға бару міндет емес. Сондықтан, сәуегейлерден сақ болған жөн.

 

Дем салуда оқылатын сүрелер мен аяттар:

 

1. Фатиха, Фалақ, Нас және Ықылас сүрелері мен Аятул Курси;

 

2. Абдулла бин Аббас (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) немерелері Хасан және Хусайнге дем салып, сендердің аталарың (Ибраһим (ғ.с.) Исмаил мен Исхаққа (ғ.с.) деп салып былай деуші еді: «Әъузу бикәлимәтил Ләһи әт-тәммә мин кулли шәйтон уә һәммә уә мин кулли ъайн ләммә[1]» (мағынасы: Алланың барлық сөздеріне сыйынып, әрбір шайтан мен зиянкестен және жаман көзден пана сұраймын);

 

3. Айша (р.а.) анамыздың риуаяты: «Пайғамбар (с.ғ.с.) отбасындағы адамдарға дем салып, оң қолымен сипап, мына дұғаны айтушы еді: «Аллоһуммә Роббан нәс әзһиб әл-баас, уәшфи уә әнтәш-Шафи, лә шифә иллә шифәук, шифәән лә юғодиру сәқомә[2]» (Мағынасы: Уа, Алла! Адамдардың Раббысы! Қиындықты кетір, шипа бер, өйткені сен Шафи – шипа Берушісің. Сенің берген шипаңнан басқа шипа жоқ. Ешбір сырқатты қалдырмайтын шипа бер);

 

4. Айша (р.а.) анамыз жеткізеді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) адамның бір жері ауырса немесе жара болса сұқ саусағын топыраққа қойып: «Бисмил Ләһ, турбәт ардинә, бириқати баъдинә, лияшфиа биһи сақимунә би изни Роббинә[3]», – деуші еді. (Мағынасы: Алланың атымен бастаймын! Алланың қалауымен жеріміздің топырағы және біріміздің демімізбен арамыздағы сырқатқа ем болсын!);

 

5. Әбу Сағид (р.а.): «Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарға (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Мұхаммед! Мазаң болмай жатыр ма?» – деп сұрады. Пайғамбар «Иә», – деді. Жәбірейіл (ғ.с.): «Бисмил Ләһи әрқикә, мин кулли шәйин юузикә, мин шарри кулли нәфсин әу ъайнин әу хасидин Аллаһу яшфикә, бисмил Ләһи әрқикә[4]», – деп дем салған. (Мағынасы: «Алланың атымен саған дем саламын. Әрбір зиян тигізушіден, әрбір жан, жаман көз және көре алмаушыдан Алла саған шипа берсін. Алла атымен саған дем саламын);

 

6. Осман бин Әбу Ас Сақафи (р.а.) өзінің мұсылман болғалы бері бойындағы бір ауыртпалық бар екенін айтып шағымданады. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қолыңды ауырған жеріңе қой. Сосын үш рет «бисмил Ләһ»(мағынасы: Алланың атымен) деп және жеті рет «Әъузу бил Ләһи уә қудратиһи мин шәрри мә ажиду уә ухазир[5]» (мағынасы: Алланың және Оның құдіретімен сұрап бойымдағы зиянкес және мазасыздықтан сақта деп пана сұраймын) деп айт», – деген екен. Жоғарыда көрсетілген дұғалар кең тараған дұғалар қатарына жатады. Бұлардың барлығын немесе кейбіреуін шипа үшін өзіңізге және отбасыңызға оқуыңызға болады.

 

 

 

Руслан Камбаров

Ihsan.kz




Көрілген: 2098    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.10.2021, 19:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31