Деструктивті діни ағымдар адамға қалай әсер етеді?

Деструктивті діни ағымдар адамға қалай әсер етеді?

 Бүгінгі XXI ғасырда жер жаһандағы адамзат баласы үшін ең үлкен қауіп-қатердің бірі – экстремизм мен терроризм болып тұр. Ресми деректерге сүйенсек, «Жаһандық терроризм индексі» таратқан мәліметтер бойынша 2018 жылдың өзінде әлемдегі террористік ұяшық өкілдерінің қолынан 15 952 адам қайтыс болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бір кездері мұндай апат тек шетелдерде ғана болатын сияқты еді. Тек шетелдік ақпарат көздерінен ғана көңілге небір қорқыныш ұялататын ақпараттарды оқығанда, мұндай қауіптің ауылы біздің елден алыс секілді көрінетін. Бірақ өкінішке орай біздің елден де сырт айналып өткен жоқ. Ашық дерек көздерге сүйенсек, ҚР аумағында 2011-2016 жылдар аралығында кемінде 9 теракт жасалғаны белгілі.

2019 жылы Мерилэнд университетінің (АҚШ) мамандары жасаған терроризм деңгейі бойынша елдердің рейтингіне сәйкес, зорлық-зомбылық актілері мен өлім-жітімнің ең көп саны тіркелген көшбасшылардың бестігіне Ауғанстан, Ирак, Нигерия, Сирия және Пәкістан елдері кірген. АҚШ 22-орында болса, Ресей 37-орынға жайғасқан, ал Қазақстан 85-орында тұр.

ҚР Бас прокуратурасының «экстремизм мен терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» статистикалық есебіне сәйкес 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында экстремизм мен терроризмге байланысты 367 қылмыстық құқық бұзушылық жасалған. Көптеген жағдайларда бұл қылмыстардың артында бір кездері экстремистік және деструктивті сипаттағы әртүрлі діни ұйымдарға жалданған адамдар тұр.

Осы орайда, біз деструктивті діни ағымдар дегеніміз не және олардың адамға қалай әсер ететіні жайлы айтпақшымыз. Алдымен «деструктив» ұғымына талдау жасай кетсек, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді. Деструктивті діни ағымдар – зайырлы елдерде қабылданған дәстүрлі діни көзқарастар мен нормаларға қарсы шығып, радикалды идеяларды тарататын және осы идеяларды күштеп таңу әдістерін қолданатын, бұрынғы жеке тұлғаны басу арқылы өз акцияларында әдістемелік пайдалану, адал жауынгерлер құру мақсатында жаңа жақтаушыларды жалдайтын діни ағымдар.

Мамандар деструктивті діни ағымдардың жаңа жақтаушысы болып ұйымға енді кірген кезде (өз еркімен, күшпен немесе шебер жалданған кезде) адамға барынша назар аударылып, тіпті қамқорлық көрсетіліп, оны олардың сенімі бойынша бауырлармыз деп түсіндіріледі дейді. Бұл - «махаббатпен бомбалау» деп аталатын әдіс. Деструктивті діни ағымның жаңа мүшесіне құрмет көрсетіліп, адамда өзінің жаңа ортадағы эксклюзивтілігі мен маңыздылығы туралы ой пайда болады. Яғни өзін ерекше таңдаулы адамдай сезіне бастайды. Қоғамның жаңа мүшесіне жұмсақ, өте шебер түрде жалпы ұжымдық идея сіңіріліп, деструктивті діни ағымдардың догмалары мен канондары айтылады. Яғни адамның шынайы, ақиқат жолда екеніне сену үшін бәрі жасалады.

Мұндай ұйымдар сырттай қарағанда дінге сәйкестікті көрсетеді, яғни барлық әдет-ғұрып, діни іс-әрекеттер көз бояушылықпен сырт көз үшін жасалынады. Оның көшбасшылары жақтаушыларының алдында әсерлі сөз сөйлейді. Алайда олардың әрекеттері адамды рухани жетілдіру мен өнегелік құндылықтарға бейімдеуге бағытталмаған. Адамға рухани және физикалық қысым жасалынады.

Деструктивті діни ағымдардың әсер ету белгілері:

• Отбасы мен өзіне деген қарым-қатынасымен салыстырғанда жаңа қауым көшбасшысына және оның барлық мүшелерін шамадан тыс жағын тарту және адалдық ету;
• Күнделікті өмірдің тәртібімен толық келісу, өзінің жеке мүдделерінің болмауы;
• Діни мәтіндерді бұрмалау, айналасындағыларды адасқан және «тура жолдан» тайған деп айыптау;
• Күйзелістің жиі болуы немесе керісінше шамадан тыс белсенділік (жеке-жеке);
• Өмір салтының толық өзгеруі, бұрынғы коммуникативті байланыстардан бас тарту;
• Мәдени құндылықтардың өзгеруі және олардың кейбіреуін қабылдамау (әдебиет, кино, музыка);
• Бұрын байқалмаған мінез-құлықтың эмоционалдық күйзелістер кезінде пайда болуы;
• Беймәлім ғалымдар мен уағызшылардың догматтарын жиі және міндеттей отырып айту;
• Жаңа діни көзқарастардың пайда болуына байланысты азаматтық міндеттерге немқұрайлы қарау немесе олардан бас тарту;
• Қандай да бір мемлекетке немесе этностарға тән дәстүрлерді сақтаудан бас тарту;
• Жаңа діни терминдерді қолдану, сондай-ақ, жаңа мінез-құлықтар мен әдеттердің пайда болуы;
• Радикалды исламистік догмаларға сүйене отырып әйелдерге деген көзқарасты өзгерту;
• Жаңа араласатын ортасының міндеттеуі салдарынан сыртқы келбеттің өзгеруі (мысалы, ұзын сақал, қысқа шалбар, қара паранжа(әйелдер).
Егер де сіздің жақыныңызда деструктивті діни ағымның белгілері байқалса:
• Оны айыптамаңыз және эмоциялық пікірталасқа түспеңіз, себебі бұл сіздің қарым-қатынасыңыздың нашарлауына және туыстық байланыстардың бұзылуына әкелуі мүмкін;
• Деструктивті діни ағымдарда таратылатын ақпаратқа қарама-қарсы бейбіт қарсы насихат жүргізіңіз, туысқандармен дәстүрлі құндылықтар, толеранттылық сананың қажеттілігі туралы әңгімелесіңіз, мүмкін болса, жеке тәжірибеңізден мысалдар келтіріңіз;
• Деструктивті діни ағымдардың ықпалынан зардап шеккен адамдарға теологиялық және психологиялық көмек көрсететін Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Кеңес беру және оңалту орталығына» (Төлебаев көшесі, 38, телефон: 8-778-428-0468, 8-778-514-4749) хабарласыңыз.

Skifnews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста