Ислам діні

Діни басқарма ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын айтты

  • Діни басқарма ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын айтты

    Діни басқарма ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ертең, 27 тамыз жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елімізде пандемия жағдайына байланысты жергілікті бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, республиканың кей өңірлерінде жұма намазы уақытша тоқтап тұр. Әйтсе де бұл Қазақстанның ешбір аймағында жұма намазы атқарылмай жүр дегенді білдірмейді", - деп жазды ҚМДБ сайты.

 
Мүфтияттың ақпаратынша, діни басқармаға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек бесеуінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді.

Сондай-ақ елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес, деп атап өтті ҚМДБ.

Діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұрайды. 

27 тамыздағы жұма намазы
Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды
Алматы қаласы – оқылмайды
Шымкент қаласы – оқылмайды
Алматы өңірі – мешіт ауласында оқылады
Шығыс Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
Қарағанды облысы – оқылмайды
Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады
Солтүстік Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады
Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады
Батыс Қазақстан облысы – оқылады
Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады
Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады
Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады
Семей өңірі – мешіт ауласында оқылады
Талдықорған өңірі – мешіт ауласында оқылады
Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады
Жамбыл облысы – оқылмайды
Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.
Діни басқарма мешітке баратын жамағаттан бетперде тағуды, антисептик пайдалануды және пандемияға байланысты бекітілген ережелерге түсіністікпен қарауды сұрады.




Көрілген: 1114    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31