Ислам діні

Діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр

  • Діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр

    Діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр

Бірінен бірі асып түсетін зәулім зираттар салудан бәсеке тыйылмай тұр. Шариғатта астамшылдыққа жол жоқ дегенді алға тартқан діни басқарма мәйіттерді жерлеудің жаңа стандарттарын даярлап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арнайы қызмет көрсету бюролары, тіпті, зираттарға қатысты мәселелерді заң жүзінде реттеу керек деп есептейді. Сонымен, мәрмәрдан құйылған мазарлар мен зәулім сарайдай молалар салуға енді тыйым салына ма? Жаңа стандарттар қандай болмақ?

Халқымызда "өлі риза болмай, тірі байымайды" деген нақыл бар. Дәм-тұзы таусылып, дүниеден өткен адамға қазақтай құрмет көрсететіндер некен-саяқ. Бірақ, соңғы жылдары осы құрмет даңғазалыққа ұласып бара жатқандай. Марқұм болған жақыны мен туысының басына белгі қоюдан бәсеке қызып тұр. Тіпті, кей бейіттердің сәулеті анау-мынау үйді жолда қалдырады.

Иә, заңның жоқтығы осындай олқылықтарға, тіпті дарақылыққа алып келуде. Ал мамандар мазар салу ісіне де реформа жасайтын уақыт жетті дейді. Ол үшін арнайы стандарт бекіту керек деген ұсыныс айтуда.

Бір адамға Жер кодексі бойынша, 6 шаршы метрден кем берілмеу керек деген. “Бірақ қанша метрге дейін берілсін деген заң жоқ. Осы стандартты ұстау үшін қазір ұсыныс жасап жатырмыз Біз ұсынып жатқан стандартымыз қабырғаның биіктігі - 1 метрден аспасын. Төрт құлағы - 1,5 метрден аспасын. Басына қоятын тас екі метрден аспасын, сосын айналасына тратуарный плитка қойып жатыр ғой. Сол тратуарный плитка жарты метр 60 см аспаса болды", - деді арнайы қызметкөрсету бюросының орынбасары Нұрболат Әбдірахманов.

Мәйітті жерлеп, басына құлпытас қоюдың жаңа стандарттардың бекітуді Діни басқарма да қолдайды. Ғұламалар кеңесі бастапқы алғышарттарын да жасап қойыпты. Алдағы уақытта тәжірибе жүзінде бірте-бірте зираттарға енгізуді көздеуде.

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасында Ғұламалар кеңесі бар. Сол жерде біздің еліміздегі мұсылман зиратының ережесі мен талабы туралы құжат қабылданған. Сол құжатта зираттың барлық тәртібі, ережесі талабы, бәрі егжей-тегжейлі көрсетілген. Бұл құжат үстінде тағы жұмыс жасап жатырмыз. Практика жүзінде ақырындап зираттарға енгізу ойымыз бар", - деді ҚМБ шариғат жән пәтуә бөлімі меңгерішісінің орынбасары Хасан Аманқұлов.

Діни басқарма Ритуалды агенттіктердің әрекетін де сынға алды. Қайтқан адамды жерлеудің жөн-жоралғысын әлгілер жарты миллионға бағалайды екен. Ал бейітті көтеру, тіпті, бірнеше миллионнан асып жығылады.

Діни басқарманың мәліметінше, елімізде 4195 зират бар. Оның 34 пайызы қоршалмаған, яғни қараусыз жатқан көрінеді. Ал, Құдайдан қорықпайтындардың қорымары тонаудан тайынбауда. Астанадағы зираттарда күзетшілер болса да, ұрлық-қарлық тыйылар емес.
Бұған жол бермеу үшіін алдағы уақытта бейіттерге бейнекамералар қою мәселесі көтерілуде екен. Бұдан бөлек, су шайпы кетпеу жағы да қаралуда екен.

"Санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қарын шығарып, жолдарын тазартып, Енді биыл ондай оқиға болмайтын шығар деп ойлаймыз. Өйткені, шаралар қолданып жатыр қазіргі уақытта", - деді Арнайы қызмет көрсет бюросының орынбасары Нұрболат Әбдірахманов.

Дін өкілдері марқұмға зәулім мазардың да, басқаның да қажеті емес, ең дұрыс амал - Құран бағыштау дейді. Ал, шариғатта ысырапшылдыққа жол жоқ. Сондықтан Діни басқарма мен Арнайы қызмет көрсету бюросы бейіттерді тұрғызу мен мәйіттерді жерлеудің бірыңғай стандартын заң жүзінде бекітетін мезгіл жеткенін айтады.




Көрілген: 970    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 21:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30