Ислам діні

Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады

  • Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады

    Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады

Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. 6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 6 мамыр Рамазан айының бірінші күні болып белгіленгенін мәлімдеді.


Рамазан айының бірінші күні қалай анықталады?

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады.


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" мекемесінен жаңа айдың көрінуіне қатысты ресми мәлімет сұратты.

ҚМДБ шариғи үкімді негізге алып, ғылыми зерттеу жұмысының нəтижесін ескеріп, сонымен қатар, Орталық Азия елдері мүфтиятының шариғат жəне пəтуа бөлімінің ғалымдарымен ортақ пəтуа қабылдай отырып, 6 мамыр – Рамазан айының бірінші күні деген шешім шығарды.

Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні – 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым – Ораза айттың бірінші күні.


Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында күнде таң атқаннан бастап күн батқанға дейін оразаны ниет етіп, ішіп-жеуден, төсек қатынасынан тыйылу парыз.


Ораза ұстай алмағандар не істейді?

Хайыз және нифас кезінде әйелдер ораза ұстамайды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдер ораза тұтқан кезде өзіне немесе баласына зиян келуден қорықса, сырқат кісі ауруының асқынуынан қауіптенсе, олардың Ораза ұстамауларына болады. Бұлар оразаның қазасын Рамазан айынан кейін өтеп береді.


Рамазан айында жолаушыға да Ораза ұстау міндет емес. Сапардан қайта оралғанда, қазасын өтейді.


Кәрілік немесе жазылмайтын ауру себебінен ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдар Оразаның әр күні үшін підия береді.

 




Көрілген: 887    Пікірлер: 0

жұма, 26.04.2019, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31