Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Діни мерекелер күнтізбесі – 2022

21 желтоқсан 2021, 08:51

2022 жылы барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қашан басталады? Ораза айт және Құрбан айт мерекелері қай күндері тойланады? Қадір түні қай күнге түсіп тұр? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан таба аласыз

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Миғраж түні 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түнге, Бараат түні 17 наурыздан 18 наурызға қараған түнге түсіп тұр. Ораза 3 сәуірде басталады. Қадір түні 28 сәуірден 29-ына қараған түні болады.

 

Ораза айт 2 мамырда басталады. Арапа – 8 шілде, Құрбан айт 9-11 шілде аралығына түсіп тұр. Ашура күні 8 тамызға тура келеді, Мәуліт (Мұхаммед пайғамбардың туған күні) 7 қазаннан 8 қазанға қараған түні болады.

 

Кесте халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметі негізінде жасалды. Алайда діни мереке күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.