ДІНСІЗ ЖЕРДЕ ДАМЫҒАН ҒЫЛЫМ АДАМДЫ ИМАННАН АЛШАҚТАТАДЫ

ДІНСІЗ ЖЕРДЕ ДАМЫҒАН ҒЫЛЫМ АДАМДЫ ИМАННАН АЛШАҚТАТАДЫ

 Бүгінгі таңда батыс ғылымда, технологияда алғы шептегілердің бірі. Дейтұрғанмен дінсіз ғылым да өзінің кері нәтижесі мен кемшіліктерін байқатпай қалған жоқ. Дінсіз ғылым адамға кейбір тұстарда қасірет әкелді. Ол атом бомбасы боп жарылып, оқ боп бейкүнә жандарға атылды. Руханиятсыз ғылым өзгелерді қанауға қолданылды. Соңында «клондауды» шығарып, жаратылысты жаратуға адамның да құдіреті жетеді дегендей күпірлікке барды. Ол – ол ма? Оны адам деген киелі жаратылысқа да қолдануға шақ қалды.

Қолдан ұрықтандыруды дамыта келе ешбір шектеусіз оны адамға да қолдана бастады. Сөйтіп, ер адамдардың спермалары сатылатын сперма банкалары пайда болды. Бұл банкалардан кез-келген әйел үйленбей ақ жүкті болу мүмкіншілігіне ие болды. Нәтижеде әйелдер «күйеу» деген құдай қосқан жұбынан айрылды. Тіпті оларды керек те қылмай қалды. Ал балалар болса, тумай жатып жетім қалып, дүниеге әкесіз келді. Нәтижесінде киелі ұғым ата-тек әбден шатасты. Ежелгі қастерлі ұғымдар бүгінде «ескінің қалдығы», «артта қалу» саналса, небір сорақы әрекеттер «ғылым, мәдениет, даму, әйел еркіндігі» деген ұранменен көкке аспандатылды.

Бұның бәрі имансыз ғылымның жемісі екені сөзсіз. Бүгінгі таңда батыстың ғылымда, технологияда өркендегенімен рухани азғындап, тығырыққа тірелгені баршаға мәлім. Дінсіз жерде ғылым құлды құдайға жақындатудың орнына керісінше оны алшақтатты. Адамды «мен жасадым, мен бүйттім» деген тәкаппарлыққа тәрбиелеп, азғындауға душар етті. Атақты ғалым Эйнштейн «дінсіз ғылым – ақсақ болса, ғылымсыз дін – көр» деп бекер айтпаса керек. Қысқасы, дінсіз жерде ғылым, ғылымсыз жерде дін болмайды. Құранның алғашқа аятына назар аударсақ, «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен!» делінеді. Яғни, Рабты танытудан ада, Оның ризашылығы жоқ оқу – ғаламға пайдасынан гөрі зиянын тигізбек. Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің:

«Бір Құдайға сиынып,

кел балалар оқылық!»-деп, оқудың жанына жаратушы иеміз Алла Тағаланы да қосуы, ақын Мұқағалидың:

«Қол қусырып Құдайға,

Ғылым мен дін бірге бар!»-деуі де бекер болмаса керек-ті.

Алайда, батыс бізге өлшем емес. Ислам діні ешқашан ғылымға қарсы болмаған. Тіпті әрдайым қолдап отырған. Сондықтан дінді жақсы түсініп, Құранға құлақ асқанда ғана мұсылмандар ғылымда шарықтап, мәдениетте өркендеген. Әлемге ғасырлар бойы ұстаздық еткен. Алайда Құран қағидаларынан алшақтап, өзгелерге ес-түссіз еліктеп, өз тектерінен адасып, қастерлі ұғымдарды аяқасты еткен кездері еріксіз кері кетушілік бой көрсетті.

Содан барып жақсы мен жаманның парқын білмейтін, дос пен дұшпанды ажырата алмайтындай мешелдікке ұрынды. Ынтымақ-бірліктеріне сызат түсті. Өз құндылықтарын мақтан ете бойын тік ұстаудың орнына, өзгелердің жылтырақ мәдениетінің алдында бүгежектеп өздерін төмен санаудан аса алмай қалуы әбден мүмкін.

Дін – ғылымның атасы, дін – ғылымның көкесі – депті ғой, Мұқағали ақын. Жаратылыстың негізін түсінбеген адам “Адам” деген атқа лайық емес. Сондықтан да Абай атам: “Атымды адам қойған соң қайтып надан болайын” – деген жоқ па?

Болайықшы Қазағым имандықпен бір бүтін,

Өзге елден үйренбейік, бізге жаттық кір түтін.

Сыйлайықшы Қазағым бауырлықпен бір-бірін,

Қазақи Ата-діңді қастерлейік, қадырлейік біз бүгін!

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста