Ислам діні

Дұға қандай жағдайда қабыл болады?

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде «Жәннәтта көп әйелі барлар, Маған (с.ғ.с.) бұл дүниеде көп салауат айтқандар.»

 

Шақиқ Балхи риуаят қылған хабарда Иброһим ибн Адһам бір күні Басра қаласының базарында жүргенде, Басра халқы жиналып Ибраһимге сұрақ қояды. Алла Тағала Құран Кәрімде тілеңдер, дұғаларынды қабыл қыламын деді, бірақ біз біраз уақыттан бері дұға қылсақта қабыл болмай жүр себебі не дейді. Сонда Ибраһим қала жұртына сендердің жүректерің он нәрсемен өлген, қалай одан кейін дұғаларың қабыл болады деп жауап береді.

 

Дұғаларының не себепті қабыл болмай жүргенін тізбектеп айтып береді.

 

1. Алла Тағаланы танып тұрып парыздарыңды өтемейсіңдер.

2. Құран Кәрімді оқисыңдар онымен амал қылмайсыңдар.

3. Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көреміз деп сүннетін орындамайсыңдар.

4. Шайтанды дұшпанымыз деп оған бой ұсынып кеттіңдер.

5. Жәннәтқа кіргілерің келгенімен сауапты іске асықпайсындар.

6. Тозақтан құтылғыларың келеді, бірақ өздеріңді соған тастап жатырсыңдар.

7. Өлімді шын деп оған дайындалмайсыңдар.

8. Бір-бірілеріннің айыптарыңды ашып өз бойларыңдағы айыптарды байқамайсындар.

9. Алланың нығметтерін жеп сол нығметке шүкірлік қылмайсыңдар.

10. Өлгендерді көмгендеріңмен біздерде осылай бір күні өлеміз деп ойламайсыңдар.

 

Намаз уақыты келгенде ібіліс әскеріне адамдар арасына барып намаздарына кедергі болындар деп әмір етеді. Намаз оқимын деп дайындалып жатқан адамға шайтан келіп намазын уақытында оқытпауға тырысып дүние ісімен шұғылдандырғысы келеді. Егер оған шамасы келмесе намаздың рукуғын, сәжделерін және т.б. парыз, уәжіп, сүннеттерін нұқсанмен орындатуға тырысады. Егер оған шамасы жетпесе қайғырып ібіліс патшасына қарай кетеді. Ібілстен оқыған намазын бұза алмағаны үшін қатты азап көреді. Күші жетіп намаз оқыған адамның намазын бұзса ібіліс ол шәйтанды мақтап көтермелейді екен.

 

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде Алла Тағала адам баласының жүрегінен періштемен шайтанға орын берген. Егер қайсы бір адамды көңілі бір жақсы іске итермелеп тұрса, ол ойды сол періште салады екен, ал жаман ой келсе онда сол ойды шайтан салып тұрады, осындай ой келген болса шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынуымыз керек.

 

Әбу Ләйс Самарқанди бізге төрт нәрсе дұшпан, осы төрт нәрсемен өмір бойы соғысып өтуіміз керек деген.

 

1. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Сендерді дүние алдап кетпесін» деді.

2. Нәпсі, осы біздің ұлы дұшпанымыз Құранда «Шынында нәпсі жамандыққа бұйырады» деп айтылған.

3. Жын шайтандардан Раббымызға сиынып қорғануымыз керек.

4. Адам бейнесіндегі шайтандар жаман, себебі жындар құр азғырса, бұлар сүйреп болсын жамандыққа алып барады.

 

 Араб тілінен аударғандар: Бекболат Зүлжалладинұлы, Дархан Асылтайұлы




Көрілген: 1992    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 13:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31