Ислам діні

ДҰҒАНЫҢ ҚАБЫЛ БОЛМАУЫНЫҢ 7 СЕБЕБІ...

  • http://muslim.kz/

    http://muslim.kz/

Адамдар: «Біз Алладан дұға тілейміз, бірақ Алла біздің дұғаларымызды қабыл етпейді. Қасиетті Құранда Алла Тағала: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын»[1] деп айтты емес пе?» - деп айтады. Сонда бір ғұлама: «Сендердің дұғаларың қабыл болмайды, өйткені оның қабыл болуына жеті себеп кедергі келтіреді», - деп жауап берген екен.

 

- Қандай себептер? – деп сұрайды адамдар. Сонда ғұлама былай деп жауап береді:

 

«Біріншіден, сендер Алланың ашуына қалдыңдар, Оның разылығын алуды қаламадыңдар, яғни, сендер Алла Тағаланы ашуландыратын амалдар жасадыңдар. Сендер мұндай амалдарды жасауды қоймадыңдар да, өкінбедіңдер де.

 

Екіншіден, «Біз Алланың құлдарымыз» дейсіңдер де, бірақ Алланың шынайы құлдары жасайтын амалдарды жасамайсыңдар.

 

Үшіншіден, Құранды оқисыңдар, алайда оны дәріптемейсіңдер, оқығандарың жөнінде ой жүгіртпейсіңдер, Құранға сай әрекет етпейсіңдер.

 

Төртіншіден, «Біз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетіміз» дейсіңдер де, бірақ оның (с.ғ.с.) сүннетін ұстанбайсыңдар, яғни, сендер күмәнді әрі тыйым салынған тағамды жейсіңдер әрі оны жеуден өздеріңді тыймайсыңдар.

 

Бесіншіден, «Бұл баянсыз дүние Алла үшін масаның қанатындай ғана» дейсіңдер де, бірақ, ақиқатында, жүректеріңді осы дүниеге байлап қоясыңдар.

 

Алтыншыдан, «Бұл дүние уақытша» дейсіңдер, алайда жасап жатқан амалдарың – бұл дүниеде мәңгі қалатын сияқты жасалатын амалдар.

 

Жетіншіден, «Фәни дүниеден ақырет артық» дейсіңдер, бірақ өздерің ақыретке дайындалмайсыңдар да бұл дүниені ақыреттен артық дәріптеп кетесіңдер».

 

Факих (р.а.) былай айтқан: «Аллаға дұға жасайтын адамның қарны харамнан таза болуы керек, өйткені тыйым салынған нәрсе дұғаның қабыл болуына кедергі келтіреді».

 

Саид (р.а.) есімді сахаба: «Уа, Алла Елшісі, мен Аллаға дұға жасаймын, бірақ менің дұғам қабыл болмайды», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деп жауап берген екен: «Әй, Саид, харамнан сақтан. Егер харамның бір кесегі болсын адамның ішіне түсер болса, онда қырық күн бойы оның дұғасы қабыл болмайды».

 

Дұға жасаған адамда асығыстық болмауы керек, өйткені Алла Тағала Өзіне дұға жасағандардың дұғаларын қабыл етпей қоймайды. Дұға айтылған кезде немесе біршама уақыт өткен соң, не болмаса ақиретте қабыл болады делінген.

 

Мұса (ғ.с.) Перғауынға және оның тайпасына лағынет айтады, ал Харун (ғ.с.) Алла Тағаладан бұл дұғаның қабыл болуын тілейді. Алла Тағала оларға Қасиетті Құранда былай деп жауап берген: «Екеуіңнің тілектерің қабылданды. Онда тура жолда болыңдар да, білмейтіндердің жолына ермеңдер!», - деді»[2]. Бұл жөнінде Ибн Аббас (р.а.) былай айтқан: «Дұға жасалған уақыт пен оның қабыл болуының арасында қырық жыл өткен».

 

 

Кейбір ғалымдар «Төрт адамға бақыт жоқ» деп айтады:

 

- Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтпайтындарға;

 

- азаншының соңнан азан сөздерін қайталамайтындарға;

 

- жақсылық жасауға қол ұшын бермейтіндерге;

 

- намаздан соң өзі үшін және өзге де мұсылмандар үшін дұға жасамайтындарға».

 

 

Абдулла Антаки былай айтқан: «Келесі бес амал жүректің дәрісі болып табылады»:

 

- тақуалармен дос болу;

 

- Құран оқу;

 

- ішті харамнан босату;

 

- түнді құлшылықпен өткізу

 

- таңсәріде Аллаға дұға жасау.

 

 

 

 

 Asyldin.kz

 

 




Көрілген: 1517    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қаңтар, 02:14
    БҮЛІК ҚАЛАЙ ШЫҒАДЫ?
    30 Желтоқсан 2021
    Жаңа жыл діни мереке ме?
    29 Желтоқсан 2021
    Таңғы және кешкі дұғалар
    22 Желтоқсан 2021
    РУХТЫҢ ҰЛТЫ БОЛА МА?
    21 Желтоқсан 2021
    Имансыз әйел..
    20 Желтоқсан 2021
    Тоғыз алма
    10 Желтоқсан 2021
    Жұма күні не істеу керек?
    6 Желтоқсан 2021
    Жұмақтың не керегі бар?
    11 Қараша 2021
    Ақырғы сәт!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31