Ислам діні

ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...

  • ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...

    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...

 Бірде жұмыстан шаршап келген әкесінің алдынан үйіндегі 5 жасар баласы жүгіріп шығып:

– Әке, далаға шығып, ойнап келейікші, – деп өтінеді. Жұмыстан шаршап келген әкесінің баласын ойнатып келуге еріншектігі ұстап, бір жағынан көңілін де қимай, не дерін білмей тұрғанда жұмыс үстеліндегі дүниежүзі картасына көзі түседі. Сыртқа шықпаудың амалын тапқандай боп әкесі әлгі картаны алып баласына:

– Балам, егер мына картаны қайта құрап, түзеп өзінің бастапқы халіне келтіретін болсаң, сені далаға шығарып ойнатып келемін, – дейді де картаны жыртып-жыртып, бөлшектеп тастайды. Баласы да «жарайды, әке» деп картаны құрастыруға кірісіп кетеді. Әкесі баласының өтінішінен оңай құтылып кеткеніне масаттанып, киімін ауыстырып, енді төсегіне жантая бергенде 5 минут өтер-өтпестен баласы «әке, картаны құрастырып болдым» деп жүгіріп келеді. Әкесі сасып қалады. Кемі екі-үш сағатсыз құрастыру мүмкін емес болған картаны қалайша 5 минутта реттеп, түзеп қойды деп барып қараса, құрақ-құрақ қып жыртып кеткен картаның паршалары тегіс өз орындарына жайғасып, бастапқы халіне келіп тұр екен. Мүмкін емес дүниені әп-сәтте қалпына келтіріп қойған баласының алғырлығына таңғалған әкесі:

– Балам, менің де оңайшылықпен қолымнан келмейтін дүниені сен қалайша тез түзетіп қойдың? – депті. Баласы да өзінің тапқырлығына масаттанып:

– Әке, қараңыз, дүниежүзі картасының артқы бетінде бір адамның суреті бар. Сол адамды түзетсеңіз, көріп тұрғаныңыздай, дүниежүзі де өзінің бұрынғы түзу қалпына келеді, – дейді.

* * *

Иә, рас... Бүгінде адамдар бұл дүниені түзетпек боп басын тауға да, тасқа да соғып жүр... Шіркін, әр адам өз-өзін түзеткенде ғой, бұ дүние де өздігінен түзелер еді...

Салтан СӘКЕН

mazhab.kz




Көрілген: 2232    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 21:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31