Ислам діні

Егер мұсылман адам күнə жасап қойса...

  • © mazhab.kz

    © mazhab.kz

Егер мұсылман адам күнә жасап қойса онда төмендегі он түрлі жолмен азапқа ұрынбауға болады:


1. Шынайы тəубе жасау. Алла тəубені қабыл етсе, тəубе жасаған адам күнə жасамаған адамға тең болады. Тәубе шарттары: күнәні дереу тоқтату; жасаған күнәға өкіну; сол күнәні қайта жасамауға белді бекем байлау.


2. Истиғфар жасап, кешірім сұрау. Истиғфар – «Астағфируллаһ» деген сөз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қатеден қорғалып, өткен-кеткен күнәларының барлығы кешірілгендігіне қармастан, күніне жетпістен астам рет кешірім сұрап, тәубе жасайтын.


3. Күнəні өшіретін жақсы амалдар жасау. Себебі ізгі амалдар күнəларды жояды. Демек, адамдардың амалын жазып тұратын періштелердің дәптерінен өшіріледі, нәтижеде, күнә істеген адам кейін бұл үшін сұралмайды. Мысалы: садақа, Құран оқу, Алланы мақтайтын сөздер, кәлима, бауырыңның жүзіне күліп қарау, жолда кедергі болатын нәрсені алып тастау т.б.


4. Мұсылман бауырларының, достарының ол үшін жарылқау тілеп жасаған дұғалары. Дұға тірі не қайтыс болған адамға жасалса да күнәсінің кешірілуіне себепкер болады. Сол үшін адам салихалы достарын көбейтуі қажет.


5. Қайтыс болған кісіге көзі тірі бауырларыныңөз ізгі амалдарының сауабын сыйға тартуы. Яғни, мұсылман қажылығының, садақасының, оқыған Құранының сауабын Алла Тағалаға дұға ету арқылы қайтыс болған бауырына жолдайды.


6. Пайғамбардың (с.ғ.с) шапағаты. Басқа пайғамбарлар арасында Мұхаммедке (с.ғ.с) ғана өз үмбетіне шапағат ету, яғни, кешірім сұрау мүмкіндігі беріледі. Осылайша ол, махшарда жиналған мұсылмандар үшін шапағат етеді.


7. Күнəні өшіретін дүниелік ауыртпашылықтар, қиындықтар, сынақтар.«Мұсылманды қандай да бір шаршау, не ауру, не уайым, не қайғы шалсын, не зиян шегіп, мұң бассын, тіпті тікен кірсе де Алла онымен күнәларын кешіреді» (Бұхари).


8. Қабірдегі, барзах əлеміндегі сынақтар. Қайтыс болған адамның Қияметке дейін барзах атты әлемде болатындығы белгілі. Оның осы әлемдегі қиналыстары, шеккен азабы күнәдан тазаруына себеп болады екен.


9. Қиямет күнгі жан қиналыс, қорқыныш, үрей сынақтары. Қайта тірілуден есепке дейінгі аралықтағы адамдар 50 мың жыл бойы мас адамдай естерін жоғалтып тұрады.Әркім күнәсінің көлеміне сай қиындыққа түседі. Нәтижесінде, күнәлары кешіріледі.


10. Мейірімділердің мейірімдісі Алланың рахымына ілігу. Соңғысы – ең оңай, ең керемет жол. Есіркеуші Алла есеп беру үшін алдына келген құлының қателіктерін ешбір азапсыз-ақ Өзінің зор кеңшілігімен, шексіз мейірімімен кешіріп жібереді. 


mazhab.kz




Көрілген: 1302    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 12:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30