Ислам діні

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

  • Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

    Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, – деп жазды muftyat.kz.

«Мешіт тұрғызуда әр халық өзінің сәулет өнері мен дәстүрін ескеріп, ұлттық нақышын көрсетуге тырысқан. Сондықтан еліміздегі мешіттердің де өзінің қазақы стилі болуы тиіс. Себебі бұл мешіттер ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, халық игілігіне қызмет етеді», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Белгілі сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сағындық Жанболатов Діни басқарманың қолға алып отырған жобасын қолдайтынын айта келіп, арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды. Жұмыс тобына сәулетшілер Бірлік Ережепов, Есімбет Қапабаев, Қанат Құрғановты, Есенғали Ахметов және мүфтият мамандарын қосуды ұсынды.

Сондай-ақ жиын барысында қазақы стильдегі мешіт жобасы мен макетін бекіту, мешіт құрылысына қатысты кемшіліктерді болдырмау үшін инженерлік жұмыстарды жетілдіру, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына мешіт құрылысы бойынша бап немесе тармақ енгізу секілді мәселелер қаралды.
muftyat.kz.




Көрілген: 734    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.03.2021, 01:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31