Ислам діні

Елорданың бас санитар дәрігері Оразаға қатысты тұрғындарға үндеу жасады

  • Елорданың бас санитар дәрігері Оразаға қатысты тұрғындарға үндеу жасады

    Елорданың бас санитар дәрігері Оразаға қатысты тұрғындарға үндеу жасады

Санаулы күндерден соң елімізде қасиетті Рамазан айы басталады. Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова астаналықтарды Ораза кезінде карантиндік талаптарды сақтауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің қоғам үшін маңызды қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Біздің елдің көп азаматтары үшін бұл діни мерекенің орны бөлек. Осы орайда азаматтардан Ораза кезінде түсіністікпен қарап, каратин талаптарын сақтауға шақырамыз. Әрине біз азаматтарымыздың діни сеніміне құрметпен қараймыз, дегенмен коронавирус індетінің қаупі жойылмай отыр, ол бәріміз үшін қауіпті. Карантиндік талаптарды сақтауға шақыра отырып, тұрғындардан адам шоғырланатын іс-шаралар өткізуден бас тартуға шақырамыз. Оның ішінде үйде өтететін іс-шараларда бар. 65 жастан жоғары кісілер сол бұрынғысынша тәуекел тобында қалып отыр. Сондықтан да Рамазан айы кезінде ауызашар рәсімін тек отбасы мүшелерімен ғана өткізу ұсынылады. Пандемия кезінде арақашықтықты ұстану маңызды екенін естен шығармаңыздар", - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында. 

 
Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирус індетінің таралу жағдайына келсек, соңғы 12 күннің ішінде бұл көрсеткіш орта есеппен 1,2 пайызға сақталып отыр. Соңғы тәулікте 578 бастапқы жағдай тіркелді. Симпомы бар 404 жағдай, симптомсыз 174 жағдай.

Соңғы аптадағы сырқаттануылық көрсеткіштері алдыңғы аптаның деңгейінен 23 пайызға жоғары. 100 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 249,6-ны құрады.

Еске сала кетейік, биыл Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 12:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30