Ислам діні

Ең көбі Түркістан мен Атырау облысында: Қазақстанда 20 мыңнан аса адам жат ағымда

  • Ең көбі Түркістан мен Атырау облысында: Қазақстанда 20 мыңнан аса адам жат ағымда

    Ең көбі Түркістан мен Атырау облысында: Қазақстанда 20 мыңнан аса адам жат ағымда



Қазақстанда деструктивті ағымдардың жолын ұстанатындар 20 мыңнан асады. Олардың көбі ірі облыстар пен басты қалаларда шоғырланған. Елордада өткен дінтанушылардың он бірінші форумында осындай ойлар айтылды.


Ең көбі Түркістан мен Атырау обылсында: Қазақстанда 20 мыңнан аса адам жат ағымда


Жиында сондай-ақ, жат ағымдардың жолын кесу, жастарды теріс жолдан сақтау мен ел болашағына төнген қауіптер де сөз болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Қанат Есов жат ағымның арбауына түскен жан. Діни сауатсыздық пен деструктивті ағымдар оның санасын әбден улаған ол, 2015 жылы Сириядан бір-ақ шыққан. Таяу Шығыстағы елге барған бойда құлағына құйылған ақпараттың бәрі жалған екенін түсінген. Сөйтіп, алты айдан кейін Қазақстанға кері қашқан.    


«Мен келген бетте түсінген жоқпын қателіктерімді. Солардың арасында тұрып, істерін көріп, эмоциямен кіріп кеттік қой. Роликтарды көрсетті, бізде шариғат деді. Ешқандай шариғат жоқ ол жерде. Ол жерле ислам мемлекетінің иісі де жоқ», - деді бұрынғы жат ағым өкілі Қанат Есов. 


Қанат Есовтың жарты жылдық «теріс жиһады» оның 6 жыл бас бостандығының шектелуімен аяқталды. Бірақ, ол тек тең жартысын өтеп шыққан. Азамат қазір райынан қайтқан. Бұл бір жағдай. Санақтарға сүйенсек, елімізде жат ағымның жетегінде жүргендер  әлі де жеткілікті. Сорақысы сол, олар ірі облыс-қалаларда шоғырланған.


«Қазіргі таңда біздің есебіміз бойынша, Қазақстанда деструктивті идеологияны ұстанатындардың саны 20 мыңнан сәл асады. Олардың көбі - Атырау мен Түркістан облысында, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында. Осыған байланысты біздің басты міндет - діни ахуалды оңалту», - дейді ҰҚК өкілі Сергей Швейкин.


Тәуелсіз Қазақстан тарихында діни білімі жоқтығынан, жастық леппен террористік ұйымдар құрамына 800 отандасымыз өтіп кеткен. Олардың біршамасы соғыс ошақтарында көз жұмған. Қалғанын еліміздің Ұлттық қауіпсіздің комитеті «Жусан» арнайы операция аясында қайтаруда. Аяғын шалыс басқандармен Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жұмыс жүріп жатқанын айтады. Имамдар жыл сайын 500-ден астам адамды жат ағымнан кері қайтарған.


«Қоғамның ағартушы тобын жататын имамдардың тынымсыз қазметін ескеріп, оларға да әлеуметтік тұрғыда қолдау жасалса деген ұсынысым бар. Әсіресе, жүзге жуық еліміздегі түзеу мекемелерінде жұмыс жасайтын дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы тағайындалса. Бұл адам тағдырына жауапкершілікпен қарап, есеп үшін емес, елдің игілігі үшін қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне көрсетілген қамқорлық, әділ баға болар еді», - деді Серікбай қажы Ораз. 


Діни радикализмды жасырын ұстанған отбасылардан қорқу керек дейді дінтанушылардың он бірінші форумына жиналғандар. Әсіресе, теріс пиғылмен отансүйгіштікке баулымайтын, мемлекеттің саяси бағдарымен бөліспейтін жанұялардан қауіптену керек екен.


«Олар заңғы қайшы шықпайды. Бірақ, қандай қаупі бар? 10-15 жылда олар есейіп, орта топ, қызмет жасайтын азаматтарға айналады. Сонда олардың мемлекетсүйгіштік қасиеті болмаса, елді сүймесе, олар сатып кетуі мүмкін. Ол осы елге еңбегімді сіңірем, осында кіндік қаным тамды деген алаңдаушылық мүмкін», - дейді "Қоғамдық процестерді зерттеу және талдау орталығы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Толғанай Мұстафина. 


Форумда айтылған мәліметке сенсек, 21-ғасырдың басынан бері жер жаһанда лаңкестер 72 мыңнан астам терракт жасаған. Салдарынан 170 мың адам көз жұмған. Жоғарыда айтқандай, көбіне радикалды насихат қақпанына көзқарасы қалыптаспаған жастар түсіп қалады екен. Сондықтан мамандар ересектерге өз жақындарының кіммен араласатынын, қандай жолмен жүргеніне бас-көз болуға шақырады.


 



 

 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 20:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30