Енді қажылыққа екпесіз бара аласыз

11 наурыз 2022, 18:10

Саудия билігі қасиетті Мекке мен Мәдинада жұқпалы індетке қарсы екпе салдырмаған қажыларды да қабылдауға шешім шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етті, - деп жазады Alashainasy.kz тілшісі.

Осылайша аталған араб елі пандемияға байланысты сақтық әрі шектеу шараларының тағы бір талабын жойып, қажылардың діни парызын орындауына мүмкіндік тудырып отыр.

 

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын бұл тарапта аталған араб еліне сапар шегетіндер үшін карантин, яғни, уақытша оқшаулау шарасын, ПЦР, мешіттерде арақашықтықты сақтау, тест тапсыру шараларын тоқтатқанын жазғанбыз.

 

Тек маска тағу міндетті болмақ.

 

Ұмраға баратын барлық ел азаматтарына жол ашық.