Ислам діні

ЕР КІСІЛЕРДІҢ ОРАЗА АЙТЫ

  • ЕР КІСІЛЕРДІҢ ОРАЗА АЙТЫ

    ЕР КІСІЛЕРДІҢ ОРАЗА АЙТЫ

 Ораза айт күні ер адамдар мына амалдарды жасауы тиіс: 
—   таңертең күндегіден ерте тұрыңыз;

—   мейрамға іштей ниеттеніп дайындалыңыз;

—   мешітке барар алдында жуынып, ең жақсы киімдеріңізді киіп, жақсы иіссу себініңіз;

—   мешітке  бір жолмен барса, қайтарда басқа жолмен қайту – сүннет. Кейбір ғалымдардың айтуынша, сауабы мол болсын, әрбір қадамға сауап жазылсын деген ниетпен ұзын жолмен барып, қысқа жолмен қайтуды дұрыс санаған;

—   үйден шығарда бір, үш немесе бес (тақ санда) құрма жеп шығады. Әнастың (р.а.) риуаят еткен хадисінде: «Алла елшісі (с.ғ.с.) ораза айт намазына құрма жемей бармайтын», - делінген;

—   мешітке бара жатып іштей тәкбір айтылады;

—   мешітке келгенде намазға тұратын уақытқа дейін жамағатпен тәкбір айтылады;

—   мұсылман бауырлар бір-бірін құттықтап, «ғафараллаһу ләнә уа ләкум» (Алла біздің де, сіздердің де қате күнәларымызды кешірсін) немесе «тақаббалаллаһу минна уа минкум» (Алла біздің де сіздің де дұғамызды қабыл етсін) деп дұға етеді;

—   қайтар жолда балаларыңызға тәттілер мен сыйлықтар алып, оларды қуантуды  ұмытпаңыз, бұл бір үлкен мереке емес пе?

—   Айт түндерін құлшылықпен өткізу – мұстахаб. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім ораза айт түні мен құрбан айт түнінің сауабын Алладан тілеп, сол түнді құлшылықпен өткізсе, жүректер өлетін күні оның жүрегі өлмейді» -  деген.

 mazhab.kz




Көрілген: 1560    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 09:06

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30