Ислам діні

Ерлі-зайыптылар жамағат боп намаз оқи ала ма?

  • Ерлі-зайыптылар жамағат боп намаз оқи ала ма?

    Ерлі-зайыптылар жамағат боп намаз оқи ала ма?

Ассаламу алейкум! Мен әйеліммен бірге жамағат боп намаз оқи аламын ба? Ер кісінің әйелмен намаз оқуы дұрыс па? Дұрыс болған күнде де жамағатқа есептеле ме?


Жауап
Уа алейкум ассалам!

Ханафи мәзһабы бойынша, намазды жамағат болып оқу үшін кем дегенде екі адам &ndash имам және ұюшы болуы шарт. Ал, екеуінің де ер адам болуы шарт ретінде көрсетілмеген. Сондықтан, әйелімен оқылған намаз жамағатпен оқылғанға есептеледі.

Имам Касани: «Жамағат болу мәселесіне келсек, жамағат ең кемі екі кісіден құралады. Бұл &ndash имаммен қоса тағы бір адамның болуы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Екі адам және одан көп болуы &ndash жамағат», &ndash деп айтқан. Өйткені, жамағат &ndash жиналу сөзінен алынған. Ал, екі адамның бірге болуы осы мағынаны білдіреді. Екеуінің бірі ер адам, әйел немесе жас бала болуында айырмашылық жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жалпы екі адамның бірігуін жамағат деп атап тұр»[1], &ndash дейді.

Дегенмен, ерлі-зайыптылар жамағат боп намаз оқығанда мынаны ескергені жөн. Әйелдің аяқтарының ұшы ер кісінің өкше тұсында тұруы тиіс. Ерлі-зайыптылар бір қатарда тұрса, намаз бұзылады.

Бұл жөнінде имам Қазихан: «Әйел үйінде күйеуімен бірге намаз оқығанда екеуінің аяқтары бір қатарда болса, екеуінің жамағат боп оқыған намазы дұрыс емес. Әйелдің аяғы күйеуінің өкше тұсында тұрса, дұрыс болады. Сәжде жасағанда әйелдің ұзын бойлы болғандығы себепті күйеуінің басымен деңгейлес келсе, намаз бұзылмайды. Өйткені, ескерілетін және мән берілетін дене мүшесі &ndash басы емес, аяқ...»,[2] &ndash дейді.

Демек, ер кісі әйелімен және басқа да махрам әйелдермен намаз оқуы жамағат есебіне кіреді.

 


[1] Касани, Бадаиъ Санаиъ, 1/156
[2] Хашият Ибн Абидин, 1/752

 

Тегтер:намазжамағатсауап
 




Көрілген: 1337    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 23:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30