Ислам діні

Ескірген Құран мен діни кітаптарды не істеу керек?

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

1. Ескі, қолданысқа жарамайтын исламдық кітаптарды былай істеуге болады:

 

Бояуы кеткенше ағын суға салып қою керек. Бірақ, бұл суда еритін сиямен жазылған кітаптарға ғана жарайтын әдіс. Кітап немесе журнал суда ерімейтін сиямен жазылған болса, онда оларды бекерден-бекерге суға салудың қажеті жоқ. Өйткені, суда балшық пен лас нәрселер болуы мүмкін.

 

Кітаптан Алланың есімдері мен сипаттарын, періштелер мен пайғамбарлардың аттарын өшіру керек, сонда оны өртей беруге болады[1].

 

Кітапты таза матаға орап, балшық пен лас нәрселер түспейтін таза жерге көму керек. Ең абзал әдіс осы.

 

2. Құранның ескі көшірмесін былай пайдаға асыруға болады:

 

Оны бояуы кеткенше ағын суға қойып қою керек. Алайда, бірінші тармақты қараңыз.

 

Оны таза матаға орап, балшық пен лас нәрселер тимейтін жерге көму керек. Құранның көшірмесінің үстіне ағаш тақтайша немесе тас қою қажет. Себебі, бірден үстіне топырақ немесе құм төге салсаң, Құранды құрметтемегенің болады.

 

Оны жай матаға орап, бүлінбейтін, шаң баспайтын таза жерге қоюға болады.

 

Өртеп жіберуге болады. Бірақ, әуелі ондағы Алланың есімдері мен сипаттарын, пайғамбарлар мен періштелердің аттарын өшіру керек[2]. Жоғарыда аталғандардың бәрін орындау қиынға соқса, осы әдіске жүгінуге болады.

 

«Кітапты әуелі ұсақтап, содан кейін көмуге бола ма?» - деп сұрадыңыз. Оны бәрібір көметіндіктен, ұсақтамай-ақ сол күйінде көмген жөн.

 

Ал, ең дұрысы Аллаға мәлім.

 

 

 

Ihsan.kz




Көрілген: 933    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30