Ислам діні

Етбетімен жату күнә ма?

  • https://azan.kz/

    https://azan.kz/

Ислам дінінде тыйым салынған және жасалынуы күнә болатын іс-әрекеттер бар. Солардың бірі етбетімен жату, оның үкімі – мәкруһ.

 

Сахаба Тухфату әл-Ғифари былай дейді: «Мен сәресі уақытында мешітте етбетіммен жатқан едім. Кенет бір кісі мені түртті де: «Мына жатыс Алла Тағаланың қаһарына ұшыратады»,­ – деді. Қарасам: Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екен»[1] - дейді. Тағы бір риуаятта: «бұл тозақтықтардың жатысы», – делінген.

 

 Сол секілді, Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте: «Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қарнымен жатқан адамды көргенде: «Алла Тағала бұл жатысты жақсы көрмейді»[2], – деген.

 

 Имам Науауи: «Егер біреу ұйықтауға бет алса, оң жағымен жатқаны мустаһаб. Ал етбетімен жату мәкруһ. Сонымен қатар дәрет алып, Алланы еске алып барып төсегіне жату да сауапты іс»[3], – деп жатар алдында айтылатын зікірлерге қатысты бірнеше хадисті келтіреді. Соның бірі Хузайфадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі ұйқыға кетер алдын алақандарыңды жайып былай дұға етіңдер деп мына дұғаны оқыды: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя». (Уа, Алла! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз). Ұйқыдан тұрған кезде мына дұғаны оқыңдар деді: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахиаана бағда мә әмәәтәнә уә иләйһин-нушур» (Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаға мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән)»[4], – деген.

 

 Қорыта айтқанда, ер кісіге де әйелге де етбетімен жатуға тыйым салынады. Алайда сүннет бойынша оң жағымен жатып, түнде аунап, етбетімен оянатын болса оның оқасы жоқ. Сондай-ақ, басқа қырымен жатуға мүмкіндік болмаса, зәрулік жағдай болғандығы үшін «Зәрурат кезінде тыйым салынған нәрселерге рұқсат етіледі», «зәрулік белгілі мөлшерімен ғана мөлшерленеді [5] деген фиқһи қағидаға орай етбетімен жатуға рұқсат.

 

azan.kz

 




Көрілген: 1349    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 06:40
    СИҚЫР (ДУА) ҮКІМІ
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30