ҒАЛЫМ МЕН ТАҚУАНЫҢ ҚАЙСЫСЫНЫҢ ДӘРЕЖЕСІ БИІК?

17 мамыр 2022, 19:59

Бір кісі:

 

 «Ғалым мен тақуаның қайсысының дәрежесі биік?» – деп сұрағанда, Алла елшісі:

 

 – Мен араларыңдағы ең төменгі дәрежедегі адамнан қаншалықты жоғары болсам, ғалымдар да тақуалардан соншалықты санатта биік тұрады. Себебі екі дүние, төрт тараптың сыры білімділерге мәлім болмай ма?

 

Алла, періштелер, тіпті құрт-құмырсқа мен теңіз жәндіктеріне дейін білімділерге дұға етеді, – деді де мына аятты оқыды:

«Құлдардың арасындағы ғалымдар ғана Аллаға лайық түрде құрмет көрсетеді».