ҒАЛЫМДАР АДАМ АТА МЕН ХАУА АНАНЫҢ БОЛҒАНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ

12 қаңтар 2022, 12:54

Америкалық және швейцарлық ғалымдар адамзаттың арғы бабасы бір екенін дәлелдеді. Барлық жануар түрлерінің де бір тектен тарағаны расталған. Шамамен 200 мың жыл бұрын. Бұл жайында islam.kz порталы vesti-ua.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл тарихи кезең күллі жер тұрғындары үшін бетбұрыс кезеңі десе болады. Бұл аралықта бүгінде тіршілік етіп жүрген барлық түрлердің шамамен 90 пайызы пайда болған. Адам ДНҚ-сы дамыған, бір қызығы, адамзат қарасының шапшаң өсуіне қарамастан, содан бері өзгергені шамалы.

 

«Адамзат жекелеген және топтық айырмашылықтарды зерттеуге көп уақытын кетіріп жүр, бәлкім, бізге бір-бірімізбен және жануарлар әлемімен не байланыстыратынына назар аударатын уақыт келген шығар»,- деп толғанды аталмыш зерттеуге атсалысқан Рокфеллер университетінің «Адами орта» деп аталатын ғылыми бағдарлама жетекшісі Джесси Аусубел.