Ислам діні

Ғұламалар кеңесі бірнеше пәтуаны талқылауда

  • Ғұламалар кеңесі бірнеше пәтуаны талқылауда

    Ғұламалар кеңесі бірнеше пәтуаны талқылауда

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің ХХVI мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.


Мәжіліске ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, мүфтиятты әр жылдары басқарған Ержан қажы Малғажыұлы, Серікбай қажы Ораз және кеңес мүшелері қатысуда.

Ғұламалар кеңесі шариғатымыздың негіздеріне сүйене отырып, қоғамда мұсылман қауымы арасында туындап отырған көкейкесті, түйткілді мәселелерді талқылап, дер кезінде шешімдер шығарып, пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдап келеді. Санаулы мерзім ішінде пәрменді құрылым, институт болып қалыптасты. Кеңес құрылған күннен бастап 25 мәжіліс өтті. Бүгінгі күнге дейін 24 концептуалды құжат қабылданып, шариғи, әлеуметтік, медицина, отбасы, неке бағытындағы тақырыптарға орай 85 пәтуа бекітілді. Сонымен қатар Кеңес отырысында 8 кітап талқыланып, баспаға ұсынылды. Мұның бәрі сіздердің белсенді жұмыстарыңыздың арқасында іске асып келеді. Осы орайда баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін, &ndash деп атап өтті мәжілісті ашқан бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Бүгінгі мәжілісте «Ас беру мәдениеті», «Зират пен зиярат мәдениеті», «Зияткер имам тұжырымдамасы», «Исламдағы жастардың тұлғалық бейнесі», «Дем салу ережесі», «Киелі орындарды зиярат ету ережесі», «Тұтыну кооперативі арқылы тұрғын үй алу үкімі» сынды құжаттар мен пәтуалар талқылануда.

 

ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалардың мәтінін алдағы уақытта жариялаймыз.


BAQ.KZ




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 09:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30