Ислам діні

Хадисті тастап, тек Құранмен жүру мүмкін бе?

  • https://kazislam.kz/

    https://kazislam.kz/

Имран ибн Хусейн (р.а.) Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғалым-сахабаларының бірі еді. Хазіреті Омар (р.а.) халифа атанған соң, оны Исламды үйретсін деп Басраға жібереді.

 

Бір күні ол мұсылмандармен сұхбаттасып отырғанда жамағаттан бір адам оған:

 

Сіз бізге арасында хадистер айтасыз. Алайда, оларды Құраннан таба алмаймыз, – деді. Имран ибн Хусейн бұл сөзіне ашуланып:

 

Сен Құран оқыдың ба? – деп сұрады.

 

Иә, оқыдым, – деп жауап қатты. Одан соң сахаба сөзін жалғастырды:

 

Жақсы, онда сен Құранда ақшам намазының үш рәкат, құптан намазының төрт рәкат, таң намазының екі рәкат, бесін және екінті намаздарының төрт рәкат деп жазылғанын көрдің бе? Көрген жоқсың. Онда сендер мұны қайдан білесіңдер? Оларды бізден үйрендіңдер емес пе? Ал біз бұларды Алланың Елшісінен үйрендік.

 

Имран ибн Хусейн әлгі адамға тағы бір сұрақ қойды:

 

– Сендер ақшаның және қойдың қырықтан бірін зекет ретінде беруі керектігін Құраннан білдіңдер ме?– Жоқ, – деп жауап берді.

 

Одан соң ғалым-сахаба сұхбатты жалғастырып:

 

– Олай болса, сендер мұны қайдан үйрендіңдер? Бізден үйрендіңдер емес пе? Біз де оларды Пайғамбардан үйрендік.

 

«…Кағбаны тауап қылсын!» (Хаж: 29) деген аятты Құраннан көрдіңдер. Алайда, жеті рет тауап етілетіні, тауаптан соң Хазіреті Ибраһимнің (ғ.с.) мақамының артында екі рәкат намаз қылу керектігі жайында Құраннан таба аласыңдар ма? Таба алмайсыңдар. Сендер бұл нәрселерді қайдан білдіңдер? Бізден үйрендіңдер емес пе? Біз де бұларды Алланың елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйрендік», – деді.

 

Жиналып отырған жамағат:

 

– Дұрыс айтасың, – десті (Әбу Дәуіт, 1561 және т.б.

 

Сондықтан да барлық нәрсе Құранда айтылған деп сүннетті, хадистерді теріске шығару дұрыс емес.

 

 

 

 

kazislam.kz




Көрілген: 1063    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31