Ислам діні

Халал кафеге ханафи боп кіріп, салафи боп шықты

  • Халал кафеге ханафи боп кіріп, салафи боп шықты

    Халал кафеге ханафи боп кіріп, салафи боп шықты

Намаз оқитын студент Рашид үш айлық жазғы демалысы кезінде Алматыдағы халал кафенің біріне жұмысқа тұрамын деп теріс ағым жолына түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.


Рашид бірнеше жыл бойына намаз оқып, мешітке барып, араб тілін үйреніп, Құран оқып, дінді ұстанған. Ол өзінің достары секілді Қазақстандағы дәстүрлі дін - ханафи мазхабында болған. Барлық жастар секілді киініп, өзгелерден ерекшеленбеген.


Оған халал кафе ұнаған. Себебі, мұндағылардың барлығы дерлік дін жолындағы адамдар болған. Бір ерекшелігі, олар қысқа балақты шалбар киіп, сақал жіберетін болған. Бұған ол таң қалмаған, қауіптенбеген де. Өйткені, Алматыда мұндай адамдар жетерлік. Ол сол кезде кафеге ханафи болып бас сұғып, одан салафи болып шығамын деп еш ойламаған.


«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, Алматыдағы халал кафелердің қожайындарының көбісі деструктивті діни ағымдардың өкілі болып келеді», - дейді Алматы қалалық Оңалту және кеңес беру орталығының қызметкері Замира.


«Кезінде мен де халал кафеде жұмыс істегенмін. Олардың барлығы - деструктивті идеологияны жақтаушылар. Онда кірген адам солардың қатарына қалай қосылғанын білмей қалады. Оған Рашидтің жағдайы дәлел. Мен ол мешітке барып, имамдардың уағызын тыңдап, өзіне бір ой түйген мықты жігіт пе десем, жоқ, ол да үш айдың ішінде өзгеріп шыға келді, көрмейсіз бе? 1,5 айда балағын қысқартып, сақалын жіберді», - дейді маман.


Замира Рашидтің осыдан кейін үстіндегі киімі ғана емес, іштей өзгергенін де айтады.


«Ата-анасымен, туған-туыстарымен көп сөйлеспейтін болған. Қолы бос болса, құлағына құлаққап салып, Түркістанның тумасы Ділмұрат Махамадовтың уағызын тыңдаған. Ал ол осы жылы мамыр айында Сауд Арабиясына экстрадицияланып, 8 жылға сотталған. Сот оны «Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық және діни алауыздық қоздырушы» және «Лаңкестікті насихаттау және теракт жасауға ашық шақыру» баптары бойынша кінәлі деп тапты.


Сондай-ақ, Рашид салафизмді уағыздаушы Назратуллах әбу-Марьям деген есіммен танымал Назратұллы Әбдіқадыровты да тыңдап жүрген. Ол Сауд Арабиясы патшалығының құқыққорғау орган өкілдерімен Медина қаласында ұсталған. Ол өз елінде отырып, Қазақстан және ТМД елдері азаматтарына деструктивті мағынадағы діни уағыздар айтып, заңсыз жиындар ұйымдастырған.


Рашид, негізінен, кафе аспазшысы мен күтушілермен жақсы араласып, солардың уағызын да ұйып тыңдаған.


«Бауырым, сен дұрыс жолда жүрген жоқсың, көп нәрсені дұрыс жасамайсың. Бұл дұрыс емес, ол үшін соңғы күні жауап бересің, біз сені содан қорғағымыз келеді. Біздің айтқанды істе», - деп күнде айтып жүріп, олар оны өз қатарларына қосып алған.


Осылайша, халал кафеге жұмысқа тұруға келгенде ханафи болған Рашид ақырында салафи болып шыға келді. Онда да бар-жоғы үш ай ішінде.


«Деструктивті ағымның қатарына өту үшін 2-3 апта жеткілікті. Ал бұл жағдайдан адамды алып шығу үшін бірнеше жылдар керек», - дейді Замира.


Zakon.kz.




Көрілген: 1803    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.10.2019, 19:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30