Харам табыспен келген астың дұғасы қабыл болмай ма?

23 қараша 2022, 15:30

Сіз жолдаған сауалдың жауабы Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте былай баян етіледі:

«Алла елшісі (с.ғ.с.): «Уа, адамдар! Ақиқатында Алла Тағала таза және тек тазаны ғана қабыл етеді. Алла Тағала мұсылмандарға Елшілеріне әмір еткенді орындауды бұйырады. Алла Тағала: «Ей, Елшілер! Таза (адал) нәрселерден жеңдер және ізгі амал істеңдер...[1]», сонымен бірге «Ей, иман еткендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер...[2]», – деген.

 

Адам ұзақ сапар шегіп, үсті басы шаң-тозаң болып екі қолын көкке көтеріп:

«Раббым, Раббым», – дейді. Алайда, асы – харам, сусыны – харам, киімі – харам және хараммен азықтанған. Оның дұғасы қалайша қабыл болмақ?![3]».

 

Қорыта айтқанда, адал емес табыс – дұға-тілектің қабыл болмауының басты себептерінің бірі.

 

 

Мuslim.kz