Ислам діні

ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ

  • https://www.muftyat.kz/

    https://www.muftyat.kz/

Бірде бір Ирак ғалымы, шейх Һашим Жәмил (1941 жылы дүниеге келген, қазір Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрады) басынан өткен ғажайып оқиғаны әңгімелеп берген еді.

 

«әл-Азһар университетінде докторлық диссертация қорғау қарсаңында қаражат қиындығына тап болдым. Емтихан уақыты жақындады. Пәтер иесі үйін босатуды талап етті. Мен одан емтихан аяқталғанша уақыт беруді сұрадым. Бірнеше күн ғана уақыт берді. Артынша Ирактан маған жіберілетін ақша да келмей қойды.

 

Қатты абыржып қалдым. Көшеге шықтым. Каир көшесіне түсіп, басым ауған жаққа кеттім. Бір кезде ақшам намазына азан шақырылды. Намаз оқуға бір ескі мешітке кірдім.  Намаз оқып болған соң михрабта мына өлеңге көзім түсті.

 

«Сені нутфадан (бір тамшы судан) жаратқандағы Жәмил (шексіз әдемі) сипатымды еске ал. Анаңның қарнында саған ажар бергенімді ұмытпа. Барлық ісіңде Маған сенім арт. Қорқынышты және ауыр істерде Мен саған жеткіліктімін. Істеріңді Маған тапсыр. Мен үкімдерімді орындап, өз қалағанымды істейтінімді біл».

 

Өлең маған қатты әсер етіп, рухымды көтерді. Шерім тарқады. Асықпай пәтерге қайттым. Бірнеше минуттан соң біреу есік қақты. Ашсам, пәтер иесі тұр. Ол маған:

 

«Мазаңызды алғаным үшін кешірім сұраймын. Жарайды, емтихандарды ақырын тапсырып ала беріңіз. Пәтерді кейін босатасыз», &ndash деді. Мен оған қуана алғыс айттым. Бір сағаттан кейін біреу қоңырау шалып, Ирактан маған ақша жібергенін айтты. Таңғалғаннан сілейіп қатып қалдым.

 

Келесі күні сол мешітке барып, әлгі өлеңнің авторы кім екенін сұрамақ­шы болдым. Алайда михрабтан ол өлеңді таба алмадым. Мен имамнан, азаншыдан және қызметшіден өлең туралы сұрастырып едім. Олар маған: «Есің дұрыс па? Бұл михраб отыз жылдан бері осы күйінде тұр. Ол жерде ешқандай өлең жоқ», &ndash деді. Қайран қалдым. Алла Тағалаға адамның жағдайын өзгерту оп-оңай екен ғой».

 

 

 

 

muftyat.kz




Көрілген: 912    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 15:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31