"Хиджаб киген қыз келіншектерге TikTok түсіруге рұқсат па?": Шариғат пәтуа бөлімі жауап берді

27 сәуір 2022, 17:53

Қазіргі таңда хиджаб киген қыздардың TikTok желісіне видео түсіру қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Қарапайым желі қолданушылардың бірі видео түсірген орамалды қыздарды қолдайды, енді бірі даттайды. Алматы орталық мешітінің наиб имамы Ержан Базарбекұлының Caravan.kz тілшісіне жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«Орамал таққан қыз жақсы нәрсені насихаттап тұрса, түсірсе болады. Орамалын киіп тұр, дұрыс нәрсені насихаттап тұрса, өзінің әкесі, ағасы, тұрмыста болса күйеуі қарсы болмаса рұқсат етіледі», - деді шариғат пәтуа бөлімінің меңгерушісі.

 

Ал Алматы орталық мешітінің наиб имамының айтуы бойынша, бұл орамал таққан қыздардың жеке қалауы. Түсірген видеосы киімі секілді өзінің таңдауы. Неге басқаларға түсіруге болады, ал намаз оқитын адамдарға болмайды? Видео түсіруге тиым салуға ешкімнің құқығы жоқ.