Хижабпен сән бизнесін бағындыру

22 қыркүйек 2022, 17:51

Халима Аден есімді америкалық модел Modanisa интернет-маркеті арқылы хиджаб желісін насихаттай отырып, моделдік бизнесте өз нарығын қалыптастыруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында Іslam.kz тілшісі BoF ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

Оның бұл амбициялық бастамасы америкалық Creative Artists Agency агенттігінің қолдауына ие болды, ол 2021 жылы аталмыш агенттікпен келісімшартқа отырған еді.

 

Осылайша әйелдерге тән шариғи киімді сән үлгісіне айналдырып, модел бизнесі арқылы дәріптеуді көздейді.

 

Былайша айтқанда, бір оқпен екі қояды атып алмақ:

 

біріншісі – шариғи киім үлгісінің насихатын замануи тәсілге жүгіну арқылы жаңа белеске көтермек, екіншіден – шариғи киім үлгісінің жаңа нарығын қалыптастыру.

 

Ол қазірдің өзінде хиджабтарды насихаттау бойынша Modanisa интернет-дүкенінде мол тәжірибе жинаған.

 

Оның айтуынша, сән индустриясында өз еркің өзіңде болмайды, дәлірегі, өзің ойлаған бағытпен жүре алмайсың, яғни, шығармашылық еркіндігіңе шектеу қойылған, әсіресе, шариғат шәлісіне келгенде. Тек компанияның сызып берген шеңберінен шықпауың керек.

 

2017 жылы Халима Аден шариғат шәлісімен шыққан «АҚШ аруы» байқауына қатысқаннан кейін IMG модельдік агенттігінен ұсыныс алған. Содан кейін ол Yeezy, Fenty, Dolce and Gabbana, Tommy Hilfiger үшін серуендеп, Vogue, Elle және Attract журналдары үшін суретке түсті. 2020 жылдың қараша айында зейнетке шықты.