Ислам діні

Имам Қабылбек Әліпбайұлы: Дарын Мүбаровтың ақидасы дұрыс емес екенін бетіне айта аламын

  • Имам Қабылбек Әліпбайұлы: Дарын Мүбаровтың ақидасы дұрыс емес екенін бетіне айта аламын

    Имам Қабылбек Әліпбайұлы: Дарын Мүбаровтың ақидасы дұрыс емес екенін бетіне айта аламын

Белгілі ұстаз, ислам заңгері, имам Қабылбек Әліпбайұлы Дарын Мүбаровтың ақидасын жоққа шығарады. Уағыз барысында Мүбаровтың сенімі мен уағызы дұрыс емес деген пікірін айтты.

Қабылбек Әліпбайұлы уағыз айтып, ислам білімін көпшілікке насихаттап жүр. Уағызының бірінде салафизм, өзге ағым, ақиданың дұрыстығы мен Дарын Мүбаров жайлы айтқан. 

 
Дарын Мүбаровтың бір кездері уағызшы ретінде танылғаны белгілі. Кейбірі оның өзге ағым мүшесі екенін айтып жатты. Бұл ретте Қабылбек Әліпбайұлы Дарын Мүбаровтың дін маманы емес, журналист екенін айтты. 

"Дарын Мүбаров дін маманы емес, оның мамандығы журналист. Сол саланы бітірген. Артынан ерген шәкірттері көп. Ол ағымнан қайтып, жолын тапқандар да көп. Дарынның ақидасы - кәпірлердің ақидасымен бірдей. Олардың сенімі қалай болса, бұл да солай. Ол құдай аспанда, оның аяқ-қолы бар, дене мүшесі бар деп үйретеді. Тек құдайдың әйелі бар, ұлы бар деп үйретпейді. Бір айырмашылығы сол, жақында оны да үйрететін шығар. Өздері мұны дұрыс санайды. Мен Дарынның сенімі дұрыс емес екенін бетіне де айта аламын. Өз сөзіме жауап беремін", - деді Әліпбайұлы. 

Қабылбек Әліпбайұлы ислам жолында жүрген өзге ағым мүшелерін де бауыр санайды. Себебі бұның сүннет екенін айтады.


"Дарын Мүбаровтың уағызын тыңдаған едім": Сириядан оралып сотталып жатқан ақтөбелік жігіт

 Тазабеков өзін жүн бет деп сынаған Айгүл Орынбекке жауап берді

"Біз адасқан бауырларымызды бауыр деуіміз керек, олар бізді кәпір деп айта берсін. Біз сүннет жолын ұстануымыз керек. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с) "менің үмбетім 73 ағымға бөлінеді" деген. Оның бәрін үмбетім деген. Басқадан бөлмеген. "Соның 72-і тозаққа барады, 1-уі ғана жәннатқа барады" деген. Адасқан ағымнан қайтып, тура жолға түскендер бар. Біз онсыз да аз халықпыз. Адасқанның бәрінен теріс айнала беруге болмайды. Ақыл айтып, білмегенін қайтаруымыз керек", - деді ол. 

Қабылбек Әліпбайұлы Бекболат Тілеухановтың бір сөзімен келіспейтінін жеткізді. Тілеуханов бір уағызында Қазақстанға таухид 89-90 жылдары келді деген. 

"Желіде байқасаңыздар танымал азаматтарымыздың әңгімелері бар. Таухид Қазақстанға 90-жылдары тәуелсіздік алған соң келді деген сөздері бар. Таухид дегеніміз - құдайдың біреу екеніне сену. Тәуелсіздік алғанға дейін біз құдай екеу немесе он бес құдай бар деп сеніп пе едік? Ата-бабамыз да құдайдың бір екеніне сеніп келді, ғасырлар бойы бір құдайға табынды. Мен мұнымен мүлде келіспеймін. Егер 90-жылдардан бастап елімізге салафизм келді, уахабизм келді, өзге ағымдар келді десе, мен қос қолдап қолдар едім. Себебі, ол солай. Ал мынадай әңгімемен келіспеймін", - деді ұстаз.




Көрілген: 1000    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31