Ислам діні

ИМАН ӘЛСІЗДІГІНІҢ 25 БЕЛГІСІ

  • ИМАН ӘЛСІЗДІГІНІҢ 25 БЕЛГІСІ

    ИМАН ӘЛСІЗДІГІНІҢ 25 БЕЛГІСІ

Мүміннің бұл дүниедегі басты мақсаттарының бірі &ndash кәміл иманға қол жеткізу. Иман &ndash сенім, ақиқатты ұғыну, Алла Тағаланы танып-білу. Бұл Алладан қорқу, Оған деген сүйіспеншілік, Оған берілгендік және Оған деген мұқтаждық. Әрбір әрекет Оның қалауымен жасалатынын және жасалып жатқан дүниелердің бәрі Алла Тағала қалай қаласа солай болатындығын білу. Осы ақиқаттардан алыстау Алла Тағаладан алыстауға және иманның әлсіреуіне әкеліп соғады.

Иман Алла Тағаланың бұйырғандарына бойұсыну арқылы және Оның алдындағы қорқыныш пен ниеттің адалдығымен нығая түседі. Біз жасаған әрбір амалымызды Алла Тағала тарапына бағыттау арқылы өз иманымызды күшейте түсеміз. Алла Тағаланың бұйырғандарына сүлесоқ қарау Одан алыстауға және жүректегі иманның әлсіреуіне әкеліп соғады. Сенімі әлсіз адамдардың иманы нақты бір жағдайларға байланысты, жолдарында бір қиыншылықтар кездеспейінше олар Алланың бұйырғандарына сенімді болып, исламды ұстанып жүрген болып көрінеді. Әлсіз иман &ndash жүректің жаман кеселі, мұндай жүректің иесі екі дүниеде де бақытсыздыққа ұшырайды. Иманның әлсіреуінің белгілері көптеп кездеседі. Төменде иман әлсіреуінің және Алла Тағаладан алыстаудың бірнеше белгілерін келтірдік:

1.Күнә жасау және өзін кінәлы сезінбеу;

2.Құран оқығысы келмеу;

3.Жүректің қатал да қатты болып қалғанын сезіну;

4. Жақсы амал жасауға еріну;

5.Сүннетті елемеу;

6.Лайықты түрде құлшылық жасамау;

7.Намазды қадірлемеу;

8.Көңіл-күйдің кенеттен өзгеруі, маңызы аз дүниелерге алаңдау;

9.Құран аяттарын немқұрайлы тыңдау;

10.Алланы еске алу &ndash зікірді елемеу;

11.Пендешілікке салыну;

12.Ашкөздік пен сараңдық, өз мал-мүлкін ешкіммен бөліскісі келмеу;

13.Өзгелердің жақсы амалдар жасауын талап етіп, бірақ өздері жасамау;

14.Өзгелердің сәтсіздігіне қуану, оларға қызғану;

15.Өз өміріне наразылық таныту;

16.Мәкрүһтен бойын алып қашпау;

17.Адамдарға жоғарыдан қарау;

18.Мұқтаж, жарлы адамдарға көмектескісі келмеу;

19.Ислам туралы айтып, дінге үндегісі келмеу;

20.Сабырлықтың болмауы;

21.Өзін-өзі ұстай алмау;

22.Материалды дүниеге қатысты қам жеу;

23.Тек өзіне ғана көңіл бөлу;

24.Туыстық қарым-қатынасты үзу;

25.Дау, таласқа шамадан тыс берілу.

mazhab.kz




Көрілген: 1474    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30