Ислам діні

ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Хазрат Абу Мұса  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с) айтқан сөзін жеткізді: Осы өмірге  махаббатпен қарайтын  адам, болашақ  өміріне , ахиретке  жамандық  жасайды; Егерде  болашақ  өмірге, ахиреттіне махаббатпен  қараса  осы өмірге қиындық  тудырады. Сонымен, үстемділікті  мәңгілік  өмірге  бергеніңіз абзал, барлық  жағдайда бұл  өмір  өткінші.

 

Бұл  хадистің  пайдасы:  Адамның  өмірі  бұл дүниеде  қанша  ұзақ болсада  бір күні  бітеді, өмір  байлықтың  санына  байланысты  емес. Ал болашақ  өмір, ахирет, мәңгі, оның жақсылығы, сый-сияпаты  байлығы мәңгі. Егерде осы өмірдің қысқа аралығында, мәңгілік өмірге  дайындалып, өзіңе керекті пайдасы  тиетін заттарды  жинап үлгерсең ол сенің ахиретіңді ойлаған  болып  табылады.

 

Бұндай,  ескертпелерді  қазыргі адам, астарда, жаназада естіп жатады  бірақ оған  мән бермейді. Осы дүниені жақсы қөргендерді, ешбір  имам,  жақсы  айтылған уағыз, тоқтата алмайды, адам өз ойымен, ақылымен, осы дүниені  тәрк етпесе, жағымсыз көз қарас тудырса иман байлығы пайда  болады.

 

Бір хадисте Пайғамбарымыз( с.ғ.с ) айтқан сөзін келтіреді: «Ұлы Аллаһ  ЛЯА ИЛЯХА  ИЛЬ ЛЯЛЛАХУ УАХДАХУ ЛЯА ШӘРИКА ЛЯХУ» деп айтқанды жүрегімен  мойындап тілімен бекітсе Жантақа  кіреді, егерде басқа бір нәрсені араға қоспаса.  Осы сөзді Алланың елшісі үш рет қайталады. Бір сахаба сұрады: «Ата - Анам сіздің жолыңызда құрбан болсын».Бір нәрсені қоспау деген не?». Алланың елшісі( С:Ғ:С ) айтты: «Осы өткінші өмірге махаббат», дүниені жинау, материалық байлыққа кенелу, осы өмірге қуанышпен қарау сонымен қоса бай адамдардың жасайтын қылықтары. Тағы бір хадисте айтылған:  осы өмірдегі адамның үйі, болашақ ( ахиретте ) үйі жоқ және осы өмірдің байлығына масайрағанның  ана өмірде байлығы жоқ, осы дүниенің байлығын жинаған ақылынан адасқан.

 

Хазрат Абу Бакр былай дейді: Мен бір күні Пайғамбарымыз ( С;Ғ:С ) екі қолын сілкілеп, бірдеңені қуып  жатқанын байқадым.  Жанында еш бір адам жоқ. Мен сұрадым «о Аллаһтың елшісі, айналаңызда ешкім көрінбейді ғой, кімдерді қуып жатсыз?» Аллаһтың елшісі (с.а.с) айтты: жақсылап түрленген, жылтыр, әдемі нәрселерді киген осы өмір алдыма келді, мен оны қуып жібердім. Екінші рет менің алдыма келіп айтқаны: сіз менен құтылдыңыз. қорқатын, ештеңе болған жоқ өйткені, сізден кейін келетін адамдар менен құтыла  алмайды.

 

Хазрат Абу Хурайра әңгімесін  жалғастырды:  «Бір күні  Аллаһтың елшісі былай деді: «Осы дүниенің ақиқи суретін көрсетеймба?  «Мен әрине қөрсетіңіз,- дедім». Мен Пайғамбарымыздың артынан ердім, қасиетті Мединаның сыртына шықтық. Ол жерде адамдардың  бас  сүйегі, әртүрлі ескі киімдер екен. Аллаһ елшісі(С:Ғ.С ) айтты : «Абу Хурайра! Мынау – адамның бас сүйегі, ол адамдардың ойы осы дүнйені, өмірді қалаған, сіздер сияқты осы дүнйені қалаған. Қазір сүйектері іріп шіріген, енді бірнеше күннен кейін шашырап әруаққа айналады.Мына экскрементер бұрын тәттілігімен ауздың құрышын қандыратын, осыларды дайындауға қанша күш, қуат, уақыт кетті дейсің. Қазыр адамдар қарауға жиркенеді, ол жерден алыс тұруға тырысады. Мына ұсқынсыз кйім кешектер, кеше  әдемі киімдер болған ( оларды киіп алып кеудесін қөтеріп маған қараңдар деп жүрген).

 

Хазрат Иса (а.с): «Бұл өмірді өзіңнің патшаң қылма, ол сені құлына айналдырады»,-деген. Хазрат ИСА (а.с) өзінің  бір сөзінде айтқан: «Бұл өмірдің жаман көрнісінің бірі, ол кең түрде таралған қорқынышты нәрсе, Ұлы Аллаһтың әміріне бағымбау. Пайғамбарымыз (с.ғ.с ) айтқан: «Көп қарқылдап күлгендер өлімді аз ойлайтындар» деген.

 

Бір күні  Хазрат Сулейман а.с өзінің әскерімен бір жерге бара жатады. Құстар көлеңкелеп отырады, оң және сол жағында адамдар және жындар жүріп отырады. Жолда бір тақуа адам кездесіп былай дейді: «Ұлы Аллаһ саған мықты сұлтанат берген екен»( cіз тек адамдарды басқарып қоймай, сонымен қоса жындармен, құстарғада әміріңіз жүреді екен». Хазрет Сүлеймен сұрағанына былай жауап берген екен: «Мұсылман әрекетінің тізімінде құнды бір сөз бар ол- СУБХААНАЛЛАХ. Осы сөз Сүлеймен империясынан артық, неге дейсіз ғой, үйткені  таяуда империя құлайды, ал СУБХААНАЛЛААХ  мәңгі  қалады»,-деген.

Құранда насыр сүресінде   былайделінген:

 

1.Алланың жәрдемі және жеңісі келген кезде:

 

2.Алланың дініне адамдардың топ – тобымен кіргендігін көрген кезінде:

 

3.Раабыңа тасбих айтып, мақтау арна! Одан кешірім сұра! Расында Алла- тәубені қабалдаушы.      

      

 

 Әбдірахманов Зікірья

«Евней Арыстанұлы» атындағы Қарағанды  университеттінің, доценті

 

Ihsan.kz




Көрілген: 1150    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 13:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31