Ислам діні

«Иманды болсын» демеңіз!

  • https://kznews.kz/

    https://kznews.kz/

Қазаға байланысты көңiл айтқанда «иманды болсын»  деген дұрыс емес. Әрбiр сөзге мына бiздер мән бермесек, сөздi дұрыс қолданбасақ жастарды шатастырамыз ғой деп жазады kznews.kz тілшісі.

 

«Иманды болсын»  деген сөз ненi бiлдiредi? Алдымен осыған көңiл бөлейiк.«Иманды болсын»  деген сөз «мұсылман болсын» дегендi бiлдiредi деп жазады әлеуметтік желіде Нұркамал Нұрахмет атты желі қолданушы.

 

Мысалы, әкесi өмiрден қайтқан адамға көңiл айтқан кезде: «Әкең иманды болсын» демек «әкең мұсылман болсын»  десең дұрыс па? Кезiнде осы жөнiнен бiреу: «Қалайша тiрiсiнде намаз оқымаған адамды өлген соң мұсылман болсын деп айтасыңдар?»-деген едi. Бұрынғы кезде атамыз қазақ көңiл айтқанда ешқашан «иманды болсын» деп айтпаған!

 

Көңiл айтқанда қолданылатын сөздер мынадай болады:

 

 «Қаза қайырлы болсын» дейдi. Бұл артында қалған бала-шағасы, ағайын-туыстары, жақындары аман болсын дегендi бiлдiредi.

 

Кейде қатты қайғырып есiнен танып жатқандарға басу айтады: «Амал не, «тас түскен жеріне ауыр деген бар, тірі адам тіршілігін жасайды, өлгеннің артынан өлмек жоқ, бекем бол, денсаулығыңды ойла, бала-шағаға бас-көз бол» деп жатады.

 

P.S.: Әлеуметтiк желiлерде қазақша бiлмейтiндер де көңiл айтқанда «иманды болсын»  деп айтып жатады. Олар да қазақ тiлдiлерден естiгенiн, олардың жазғанын көрiп қазақша көңiл айтқанда «иманды болсын»  деп адасты. Иманы саламат болсын, мекені жәннат болсын деп айтса дұрыст. Бiрақ бiреудiң қайғысы кезiнде түзету айта алмайды екенсiң, ыңғайсыз ғой. Осындай қателiктерден тазару керек. Өйткенi, ана тiлiмiзге, ұлттық ұстанымымыз бен санамызға жат сөздерге жол берiп жас ұрпақты дүбара етуге болмайды. Ана тiлiмiздi құрметтейiк, қолдану аясын кеңiтейiк, бiрақ тiлiмiздi дүбара қылуға жол бермейік.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 9280    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 19:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31