Ислам діні

Интернет арқылы діни кітаптарды сатқан тұрғындар анықталды

  • Интернет арқылы діни кітаптарды сатқан тұрғындар анықталды

    Интернет арқылы діни кітаптарды сатқан тұрғындар анықталды

 Павлодар облысының полицейлері тиісті рұқсатсыз діни кітаптар сатқан жергілікті тұрғындарды әкімшілік жауапкершілікке тартты, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz

"Павлодар облысы Екібастұз қаласының полицейлері 32 жастағы қала тұрғынын ұстады, ол интернеттегі сайттардың бірінде діни әдебиеттер сату туралы хабарландыру берген. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз таратқаны үшін ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді. Сондай-ақ Павлодар қаласында 56 жастағы ер адам интернет-ресурстар арқылы діни әдебиеттер сату туралы хабарландыру берген, ер адамға қатысты материал сотта қаралып, оған 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды", &ndash деді Экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Жанат Слямов.

 Полиция қызметкерлері діни сипаттағы әдебиеттерді тарату және сату үшін тиісті рұқсат қажеттілігі туралы түсіндірді.

 Биыл Павлодар облысының полицейлері діни қызмет туралы заңнаманы бұзудың 16 фактісін анықтады, оның ішінде заңсыз миссионерлік қызмет, экстремистік материалдарды сақтау, тіркелмеген діни бірлестік құру және оған басшылық ету, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды заңсыз тарату фактілері бар.




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.11.2020, 11:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31