Ислам діні

Исламда ипотекамен үй алуға бола ма – Қазақстан мен Мысыр ортақ пәтуа қабылдайды

  • Исламда ипотекамен үй алуға бола ма – Қазақстан мен Мысыр ортақ пәтуа қабылдайды

    Исламда ипотекамен үй алуға бола ма – Қазақстан мен Мысыр ортақ пәтуа қабылдайды

Тараптар ипотекамен үй алу, діни мерекелерді бекіту, өз елінде кең тараған мәзһабты ұстану сынды мұсылман үмбетін алаңдатқан мәселелерді талқылады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары барысында Каирдегі Пәтуа беру орталығында болып, Мысыр мүфтиі Шауқи Алламмен кездесті, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Тараптар мұсылман үмбетін алаңдатқан бірқатар мәселені, атап айтқанда ипотекамен үй алу, діни мерекелерді бекіту, өз елінде кең тараған мәзһабты ұстану сынды жағдаяттарды талқылады. Мүфтилер осы  бағытта ортақ пәтуа қабылдауға уағдаласты.

"Қазақстан және Мысыр мүфтиі екіжақты әріптестік һәм бауырластық байланысты арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мысыр Араб Республикасының Пәтуа беру орталығы арасындағы ғылыми және діни ынтымақтастық туралы келісімге ресми түрде қол қойып, өзара құжат алмасты", - делінген хабарламада.
Аталған құжат екі тарапқа түрлі діни ағымдар мен пікірлерді сараптап, зерттеу жүргізуді, зерттеу жұмысының қорытынды пәтуасын шығаруды міндетттейді.

Сондай-ақ Мысыр тарапы Қазақстаннан жіберілген имамдар мен ғалымдарға пәтуа шығаруды, пәтуа беру әдісін үйретуді өз міндетіне алады.

Келісімге сәйкес тараптар оқу-ағарту, кітап шығару, біліктілікті көтеру, Исламға қатысты қате ұғымдарға дер кезінде жауап беру сынды бірлескен жобаларды жүзеге асырады.

Ортақ мақсатты орындау үшін бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен ҚМДБ жанынан жұмыс тобы құрылды.
 
 




Көрілген: 523    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 14:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ
    22 Сәуір, 19:45
    ОРАЗА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
    17 Сәуір, 22:05
    Садақаның пайдасы
    14 Сәуір, 19:55
    ПІТІР САДАҚА ҮКІМІ
    12 Сәуір, 12:55
    ОРАЗАНЫҢ 14 ПАЙДАСЫ
    12 Сәуір, 01:14
    Оразаның 14 пайдасы
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31