ИСЛАМДАҒЫ ҰЯТТЫҢ ОРНЫ

ИСЛАМДАҒЫ ҰЯТТЫҢ ОРНЫ

Ұят – Алла Тағала құлдарына нығмет етіп берген тамаша көркем  мінездердің  бірегейі.  Ол  күнә  мен  қылмыс  жасаудан, опасыздық пен нашар қылықтардан, қысқасы, аяқты шалыс басу- дан сақтайды.

Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ұялшақтықтың берері тек қана игілік» деген хадисінің мәнін осыдан іздеген дұрыс. Ал ұяттың кемуі Құдайдан қорқуды да азайтады. Сондай-ақ ғалымдардың «Кімнің жүрегінде қорқыныш пен ұят болмаса, онда жақсылық та қалмаған» деген пікірлері де жүректегі бүкіл ізгілік, жақсылық  атаулының ұяттан келетінін ұғындырады. Өйткені, ұят пен иман үнемі қатар жүреді. Иманнан тек жақсылық қана келетіні бесенеден белгілі.

Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.):

«Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де  бірге  кетеді» деп, ұяттан ажыраған кісінің иманнан да қол үзетінін  білдірген. Олай болса, ұялудың астарында Алла- дан қорқу, Алланы жақсы көру сынды ізгі қасиеттер де жатады. Ұнамсыз, нашар істермен бетпе-бет келгенде, «ұят болады» деп оны жасаудан тартынуымыз Алла тағаладан  қорқудың белгісі.

Ғалымдардың бірі осыған байланысты: «Аллаға ант етемін, адамнан ұят кеткеннен кейін тіршілікте де, дүниеде де жақсылық қалмайды» деген мәні терең сөз қалдырыпты.

Мұсылман  баласы  ұялуды  Жаратушы  иемізден  үйренеді. Хадистердің бірінде мейірім жаршысы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла Тағаланың ұлы ұяты туралы былай деген:

«Сендердің  Раббыларың  –  ұлы  ұят  иесі  әрі  жомарт. Сондықтан  қолдарын  дұға  үшін  жайған  уақытта  оны  бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады». Ұлы Алла тағаланың бұл  мінезінен тәлім алған Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) да жер бетіндегі адамдар ішінде ең кәміл ұяттың иесі бол- ды. Ол оң босағада отырған иманды қыздың ұялшақтығынан да артық ұялатын. Егер оның жан дүниесіне  ұнамайтын іс жасал- са, сахабалар оның бет-әлпетінің өзгерісінен бірден байқайтын. Алла тағаланың өзі Құран кәрімде Пайғамбарымыздың осы бір мінезінен хабар берді:

«Әй, мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне дастарханға шақырылмасаңдар кірмеңдер, тамақтың пісуін күтпеңдер (алдын ала келіп отырмаңдар). Ал егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ  жеген соң, дереу тарқаңдар, сөзге айналмаңдар. Расында, бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі ол сендерден ұялады. Бірақ Алла шындықтан ұялмайды»(«Ахзаб» сүресі, 53-аят).

Иә, Пайғамбарымыз өте ұятты кісі болған. Өз үмбетін де осы- нау қасиетті мінезден үлгі алуға шақырған.

Оның:

«Әр діннің бір мінезі болады. Ислам дінінің мінезі – ұят» деген хадисі ұяттың дініміздегі орны қаншалықты жоғары екен- дігін көрсетпейді ме? Дінімізде көркем мінездің үлкені де, кішісі де, зәредейі де, ірісі де мұсылманның мінезі деп бағаланады. Олай болса,  бұл хадисте Расулулла (с.ғ.с.): «Әрбір мұсылман ұялу сезіміне ие  болсын»,– деп бұйырып тұрғандай. Сондай-ақ хадис мазмұнынан ұят жеке басты да, отбасын да, бүкіл қоғамды да қамтуы тиіс деген нұсқауды да аңғаруға болады.

Алла тағала  ұят  сезімін  жоғары  ұстауды  тек  Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) ғана емес, өзге хақ елшілерге де бұйырған. Мысалы, Иса (а.с.) пайғамбарға былай деп бұйырғаны мәлім:

«Әй, Иса, әуелі өз нәпсіңе уағыз айт, егер ол қабыл етсе, онда халыққа насихат жаса, болмаса Менен ұял».

Дініміздің адам баласы жаратылғаннан бергі ұзақ-сонар та- рихына көз жіберсек, ұялудың небір баға жатпес үлгілеріне кезі- геміз. Адам (а.с.) атамыз Алла тағаладан кешірім туралы пәрмен келгенге дейін, әрбір сөзі мен әрекеттерінде «өзін кінәлап» ұялуы соның бір көрінісі. Күнәсіз пәк  періштелердің күндіз-түні толассыз Алланы  мадақтап  тұратындарына  қарамай, «Саған дұрыстап, құлшылық жасай алмадық» деп ұялуы да осының  айғағы. Олар Алла тағаланы анық көріп, терең таныса да, «Сені толығымен тани алмадық» деп жал- барынуын да ұялудың бір  белгісі деп санауға болады. Өмірде тақуалар үшін де Алла Тағаладан ұялу  бәрінен жоғары тұрды.

Алла Тағаладан бір нәрсе сұрап-тілегенде, өз қалауын дұрыс жеткізе алмағанына «ықыласымыз бұзылды» деп ұялғандар да тарихта өткен. Пайғамбарымызды өз деңгейінде жақсы көре алмадық деп, өздерін «опасыз» санап ұялғандар да болған. Қазір де жоқ дей алмаспыз. Бірақ бұл ұяттар, әрине, жөні бөлек, деңгейі биік ұяттар.

Ғұламалардан ұят туралы көптеген аталы сөздер қалған. Олардың  бірі: «Ұялу – адамның ұнамсыз істерден қысылып, оларды жасаудан тыйылуы» деп түсіндірсе, енді бірі: «Көңілге қонымсыз, жақсылыққа жат әрекеттерге байланысты жүректе орнайтын қынжылыс, уайым» деген.

Жүнәйд деген ғалым ұятты: «Алла тағаланың бізге берген материалдық және рухани нығметтерінің парқына бару, әрі кем- шіліктеріміз  бен нұқсандарымызды ойлап қамығуымыз», – деп бағалаған. Ұятты «үнемі көңілімізде орынсыз қылықтарымыздың ауырлығын сезіну және өз жағдайымызды тағы бір рет тексеру- ден өткізу»,– деп айшықтаған ғұламалар да бар.

Мына бір анықтама да ұялудың сырларын аша түседі: «Ұялу – адамның Алла Тағаланың жария және жасырын жасалған әр істі білетіндігін сезініп, өз өмірін соған қарай реттеуі, Оның өзімен арасындағы  қарым-қатынасты  басшылыққа  алып  өмір  сүруі».

Тіпті Омар ибн Бахр сынды ғалымдар ұятты киімге теңеген:

«Кімде кім ұятты киім етіп кисе, онда оның айып, кемшіліктерін өзгелер көрмейді».

Сондай-ақ ғалымдар ұялу сезімін үлкен-үлкен үш топқа бөліп қараған:

Алладан ұялу, Адамдардан ұялу Өзінен ұялу.

Алладан ұялу.

Алладан ұялу Оның бұйрықтарын орын- дап, тыйымдарынан бас тарту арқылы болады. Өзін мұсылманмын, мүминмін деген кісі, ең алдымен, ұяттың осы түріне көп көңіл бөлуі керек, Алладан ұялуды қалай түсіну керектігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде айқын түсіндіріп берген.

Бір күні ол сахабаларына:

«Алла Тағаладан ұялудың ақысын беріп ұялыңдар», – деді. Сонда олар:

«Я, Расулулла, біз Алладан ұяламыз, Аллаға шүкір», – деді. Алла елшісі:

«Ол  емес,  кім  Алладан  ұяттың  ақысын  беріп  ұяламын десе,  басын  және  басындағыларды,  ішін  және  ішіндегілерді сақтасын. Өлім  мен бәлені еске алсын. Ақыретті қалаған кісі дүние қызығына қатты мән бермейді. Кім осылай жасаса, Алладан ұяттың ақысын беріп ұялған болады».

Бұл хадистен мынадай қорытынды жасауымызға болады. Ең алдымен,  Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.)  «ұялудың  ақысын  беріп ұялу» дегеніне түсініктеме жазушылар «тұрақты, шынайы және қажеттілігін сезініп ұялу» деп түсіндіріпті. Ал «Ол емес» деген сөзді «Шынайы ұят сендер ойлап тұрғандай емес» деп түсінуге бо- лады. Енді ақиқат ұят ол болмаса, қайсы сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі жауап берген. Нағыз ұятты бас пен бастағыларды, іш пен іштегілерді сақтау, өлім мен бәлені көбірек еске алу және дүние қызығына қатты құмартпау деп түсіндірді.

Басты сақтау дегенде, ең алдымен Жаратушы иемізден басқаға сәжде жасамау еске түсуі қажет. Бастағыларды сақтау маңызды болса, басымызда екі көз бар. Оларды күнәдан, Алла тағала ха- рам еткен нәрселерге  қараудан  тыйып жүрміз бе? Басымызда екі құлақ бар. Олардың жайы қалай? Оларды Алла тағала жақсы көрмейтінді есітуден тоқтатып жүрміз  бе? Басымызда тіл бар. Оны дініміздің заңдарына сай қолдану да бастағыларды сақтауға жатады. Ішіміз бен іштегілер дегенді қалай түсінеміз? Ішімізді, ең әуелі харам нәрсе жеуден сақтауымыз керек. Екіншіден, ішімізге байланысты денелерді, яғни екі аяқ пен олардың арасындағыны, екі қолды күнәлі істерден қорғауымыз қажет. Үшіншіден, бойы- мызда адам үшін ең маңызды бір жапырақ ет бар. Ол – жүрек. Соны адамшылыққа жат бөтен сенімдер мен түсініктерден таза сақтау нағыз ұяттың қажеттілігі. Ал өлім мен бәлені қаншалықты көп еске аламыз? Өлімді көп ойлаған кісі еш уақытта біліп тұрып күнә жасамасы хақ.

Құрметті  мұсылман   бауырлар!   Ойланып   көрейікші.   Біз Алла  тағаладан ұялудың ақиқатын білеміз бе? Әлі оның толық парқына  жете   алмай жүрген  болсақ,  онда  кешіктірмей,  ұят сезімін молайтудың  жолдарын қарастыруымыз қажет. Алладан ұялуды күшейтетін  істер бар.  Бұл ұят  Жаратушы иеміз Алла тағаланы тану, оның құдіретіне бас ию арқылы күшейеді. Оның өз құлдарына жақын екендігін, көзімізді неге қаратып, кеудеміз- ге нені тоқып жүргенімізді білетінін сезіну арқылы да ұят сезімі артады.

Алла тағала Құран Кәрімде былай деген:

«Оларға:  «Көңілдеріңде  бір  нәрсені  жасырсаңдар  да, жарияласаңдар  да  Алла  оны  біледі. Әрі  Алланың  барлық нәрсеге  толық  күші  жетуші»  деп  айт»(«Әли Имран» сүресі, 29-аят). Олай  болса,  осы ақиқатты үнемі естен шығармау арқылы Алла тағаладан ұялуды күшейтуіміз керек.

Сондай-ақ намаз оқу да Алладан ұялу сезімін күшейтеді. Бұл туралы Алла тағала Құран Кәрімде:

«Кітаптан саған уахи етілгенді оқы және намазды орын- да. Шын мәнінде, намаз арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Ал Алланы еске алу – аса ірі нәрсе»(«Анкәбут» сүресі, 45-аят).

Олай болса, намаз арсыздық пен ұятсыздыққа бөгет болады. Қазақтың әйгілі ойшылдары мен атақты жыраулары да Құдайдан ұялу туралы мәнді сөздер қалдырған. Мысалы, Ыбырай Алтын- сарин:

Иманды ер құдайынан ұялады,

Ұялып иесінен сый алады, – деп насихаттаса, Қабан жырау:

 Ұяттың иман қабы дер,

 Имандыда ұят бар, – деп қисынды тұжырым жасаған.

Адамдардан ұялу.

 Адамдардан ұялу толық адамгершілік пен жомарттықтан  туындайды.  Адамдардан  ұялуды  ешкімге  зиян тигізбеу,  жамандықтарды  көпе-көрнеу  жасаудан  тыйылу  деп түсінуге болады. Ұят кемігенде, ащы тілмен, өсекпен, ғайбатпен, іс-тірліктермен өзге кісілерге зиян келтіру де көбейеді. Адамдар- ды тілмен түйреу, кекету, келемеждеу, мазақ қылу, тәлкек ету де осындай өзгеге зиянды істерге жатады.

Ата-анасына сөз қайтарып тілазарлық жасайтын ұл-қыздар өз ұяттарының деңгейінен хабар береді. Ата-анаға қарсылық жаса- удан артық ұяттан безу жоқ. Кімде-кім бір істі іштей, ойша жа- сап алып, сырттай ұялғансып отырса, онда ол кісінің өзі үшін де қадірі болмағаны.

Сондай-ақ адамдардан  ұялуға  мұсылмандардың  бір-біріне әурет жерлерін көрсетпеу де жатады. Бөтен еркектер мен бөгде әйелдерге құмарта қарауға да Алла тағала тыйым салған. Құран Кәрімде бұл туралы былай делінген:

«Мүміндерге  айт:  (Бөгде  әйелдерге  қараудан)  көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла – олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін әйелдерге де айт: «(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай- ақ зейнеттерін көрсетпесін.  Бірақ  олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. (Беті, қол-аяқтары) және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін» («Нұр» сүресі, 31-аят).

Демек, жұрттың көзінше ашық-шашық жүруден де ұялуымыз керек.  Осы  тұста  шариғат  бойынша  әурет  жерлерге  қай  дене мүшелері жататынын айта кеткен жөн. Әйел адамдардың әурет жеріне олардың қолы  (білезігіне дейін ғана көрсетуге болады) мен жүзінен өзге дене мүшелері, ал еркектерде кіндік пен тізенің арасы әурет жерге жатады.

Сонымен қатар  көп  күлу,  көп  қалжыңдау  да  адамдардан ұялмаудың көрінісі. Бұл туралы хазірет Омардың (р.а.) мынадай сөзі бар: «Күлкісі көбейгеннің – сұсы азаяды. Көп қалжыңдасатын адам – келекеге ұшырайды. Кім нені көп істесе, сонысымен та- нылады. Көп сөйлеген адам  – көп қателік жібереді. Қателікті көп істейтін адамның – ұяты азаяды. Ұяты азайған адам –күнәлі нәрселерге үйірсек келеді, ондай адамның жүрегі өледі»329.

Бұл жағынан  алғанда,  адам  табиғатындағы  ұят  оның  бойындағы өзге де жақсылық нышандары сияқты Алланы тану сезімдері- мен күшейеді. Ол адамның тақуалық дәрежесіне қарай дамиды, сөйтіп  рухани өмірдің бір саласы жағдайына келеді де, нәпсі құмарлықтарына бөгет болады. Ал ұят сезімі иманмен, Алланы танумен бекімесе, ихсан  сезімінен нәр алмаса, онда жеке адам да, қоғам да адамды адам екендігінен ұялтатын рухани ауруларға шалдығуы әбден ықтимал.

Өзінен ұялу.

Адамның өзінен ұялуы әркімнің өз ар-на- мысын  сақтауы арқылы болады. Ұяттың бұл түрі адамдар өз бөлмесінде  жеке  қалғанда,  жалпы  көпшіліктің  назарынан  тыс жерлерде көбірек байқалады. Ғалымдар адамның өзгеден ұялуына қарағанда, өзінен ұялуы көбірек болуы керектігін айтқан. Өйткені, шынында да адам өз табиғатындағы ұялу, қымсыну сезімдерін “Ол Алланың көріп тұрғанын білмей ме?”(«Алақ» сүресі, 14-аят)  деген сияқты аяттармен қуаттандырмаса, “Күдіксіз, Алла тағала сендерді бақылаушы”(«Ниса» сүресі, 1-аят)  деген аят- тарда айтылған ихсан түсінігімен әрлендірмесе, ондай ұяттың да өмірі қысқа болмақ.

Сондай-ақ Құран Кәрімнің: «Соңғы аялдар жерің Раббыңның қасында» («Нәжм» сүресі, 42-аят) деген аяты да Алладан қорқуды, сол арқылы ұялуды күшейте түсуге, құл екенімізді мойындауға жәрдем  берері  хақ.   Олай  болса,  жұрттың  көзінше  жасауға ұялатын нәрселерді, жеке қалғанда жасаудан да ұялуымыз керек. Өзінен ұялудың жарқын үлгісін Әли (р.а.)  көрсеткен. Алидың аты аталғанда, ғалымдар «кәррамаллаһу уәжһаһу» деп  айтады. Оның себебі Әли (р.а.) ғұмыры бойынша өз әуретіне де қараудан ұялған екен. Міне, бұл адамның өзінен ұялуының тамаша мы- салы.  Ал  Осман  ибн  Аффанның  (р.а.)  ұяты  тіпті  ерекше.  Ол ұятты өміріне тірек еткен, тіпті періштелердің өзі одан ұялатын. Пайғамбарымыздың өзі оған куәлік еткені осының дәлелі. Керек десеңіз, Османның (р.а.) ұяты арнайы бір уағызды қажет етеді.

Кімнің бойында осы аталған үш түрлі ұят, яғни Алладан ұялу, адамдардан ұялу, өзінен ұялу бірігетін болса, онда жақсылыққа тұтастай жол ашылары хақ.

Бұл туралы мына бір оқиғаны айта кетуге болады:

Жаппар Иеміз махшарда есепке шақырған бір қарттан: «Мына күнәларды неге жасадың?», – деп сұрайды. Ол қарсылық білдіріп, күнә жасамағанын айтады. Сол кезде Рақымды Алла Тағала періштелерге: «Олай болса, оны жәннатқа апарыңдар» деп бұйрық береді. Сонда жағдайдан хабардар періштелер: «Уа, Алла тағала, бұл кісінің мынадай-мынадай күнә жасағаны  Өзіңе аян ғой», – дейді. Алла Тағала оларға: «Иә, солай, бірақ Мұхаммедтің үмбеті екендігіне, ағарған сақал-шашына қарап, оның айыптарын бетіне басуға ұялдым», – дейді.

Жәбірәйіл періште осы хабарды жеткізгенде, мол мейірім мен шапағат иесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көзіне жас толып:

«Алла Тағала  үмбетімнің  ақ  сақалдыларын  сыйлап  ұялғанда, үмбетімнің ақ сақалдылары күнә жасаудан ұялмайды»”, – деп еді.

Сонымен, құрметті мұсылман бауырлар! Адам баласының нағыз адамшылығы оның ұятының өлшемінен көрінеді. Егіннің көктеуі үшін су  қандай маңызды болса, адам өмірінен ұяттың алатын орны да сондай.  Ұятқа немқұрайлы қарауға болмайды. Алла Тағала бәрімізге шынайы  ұяттың ақиқатын біліп, ұялуды жазсын.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста