ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАНДА ДА ҰЯТТЫ ЖЕРДІ ЖАБУҒА МӘН БЕРУ

ЖАЛҒЫЗ ҚАЛҒАНДА ДА ҰЯТТЫ ЖЕРДІ ЖАБУҒА МӘН БЕРУ

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Шүбәсіз бұл үмметтен алғаш кететін нәрсе ұят пен аманат. Онда сендер Алла Тағаладан осы екеуін (ұят пен аманатты) сұраңдар». (Бәйһақи, «Шуғаб ул-Иман»)

 

Мұсылмандарға ұятты жерлерін жабу – парыз. Ерлердің кіндіктен бастап, тізеге дейін, тізесін де қосып жабуы парыз болса әйелдерге қолы (білезікке дейінгі), жүзі, аяқтарынан (тобыққа дейінгі) басқа  барлық жерін жабуы парыз.

 

Адамдар арасында діни мәжбүрлік болмаса ұятты жерлерді жабудың парыз екендігінде ешкімнің шүбәсі жоқ. Сонымен қатар жалғыз болғанда да ұятты жерді ашу да дұрыс емес.

 

Бәһз бин Хакимнің атасы (р.анһума) былай риуаят етті: «Уа, Расулалла! Ұятты жерлеріміздің қайсысын жауып, қайсысын ашуға болады?» деп сұрадым. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Әйелің мен өз иелігіңдегі күңіңнен басқа ешкімге ұятты жеріңді көрсетпе» деді.

 

Бәһздің атасы: «Егер ол жерде тек ерлер болса ше?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ұятты жеріңді ешкімге көрсетпеуге шамаң келсе солай жаса» деді. Сосын мен: «Ал адам жалғыз өзі болғанда ше?» дедім. «Ұялуға ең лайықты болған – Алла» деді.

 

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұятының мәртебесін түсінуге мына сөзі жеткілікті: «Ұятты жерімді ішіндегі киімнен жасыратын шара тапсам жасырар едім».

 

Әбу Мұса әл-Әшғари (р.а.): «Қараңғы бөлмеде ғұсыл алып, Раббымнан ұялғанымнан белімді түзете алмаймын» деген. Ұятты жерді жабудың бұл мәртебесі ұятты жердің ашылуының харам болғанынан емес, моншада да жабық жүру мүстәхап болғандықтан.

 

Әли бин Әбу Тәліп (р.а.): «Адам ұятты жерін ашқанда жанындағы періште теріс қарайды» деген.

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ұяттың (табиғаттан не иманнан болса да, Алладан қорқып немесе адамнан ұялғаннан болса да) барлығында жақсылық бар» деп айтқан. Бұлардың барлығы адамды жақсылық пен бақытқа жетелейді деген сөз.

 

 

 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста