Ислам діні

Жаңа Бас мүфти тың бастама көтерді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі құрылатын болды, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

 

Елордада өткен алқалы жиында Бас мүфтиге аталған жобаның жоспары таныстырылды.

 

"Е-мүфтият" ақпараттық жүйесіне имам-молдалардың білім деңгейі, ғылыми дережесі, ұлты, отбасы жағдайы, облыстағы мешіт саны, тағы басқа мәліметтер енгізілмек.

 

"Қазір электронды технологияның дамыған заманы. Әлем электронды жүйеге көшу үдерісінде. Біз, дін қызметкерлері бұл тенденциядан қалыс қалмауымыз қажет. "Е-мүфтият" ақпараттық жүйесі жұмыс тиімділігін арттырумен қатар, ҚМДБ Орталық аппаратының кадр қызметін оңтайландыруға оң ықпал етеді. Сондықтан осы жобаны жетілдіріп, іске қосуды тапсырамын", – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

 

Айта кетейік, Наурызбай қажы Тағанұлы 7 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ құрылтайында Бас мүфти қызметіне сайланды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, жаңадан сайланған Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

 

Кездесу барысында елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтау, дін арқылы азаматтарды келісім мен ынтымаққа шақыру, рухани бағдар беру қажеттілігі мен жат діни ағымдардың зиянды әрекеттері жайында айтылды.

 

"Халықты татулыққа, бірлікке, пәтуаға шақыру керек. Қазіргі уақытта дүние жүзінде әртүрлі жат үдерістер пайда болып жатыр. Сондықтан бұған тыйым салып, жол бермеуге тиіспіз. Ел мүддесіне қызмет етіп, осы бағытта дұрыс үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу қажет", – деді Тоқаев.

 

Sputnik


 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 09:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30