Ислам діні

Жанар Байсемізова: Рамазанда бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ

  • © syrlasu.kz

    © syrlasu.kz

"Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасы арқылы танымал болған тележүргізуші, мотиватор Жанар Бейсемізова Рамазан айында бір ай бойы ораза тұтуды құранда жоқ екенін мәлімдеді.


Бұл туралы журналист instagram-дағы парақшасында жазды.


"Бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ»


Рамазанда бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ, бұл араб халқының ежелгі салт-дәстүрі ғана.



Ораза тұту мәселесі Ибрагим пайғамбар арқылы тарамдалған бірқұдайлық рационал діннен бастау алады. Бұл рәсім иудаизм мен христиан дәстүрінде де көрініс тапқан. Бірақ христиан дініндегі 40 күндік ораза (Иса пайғамдардың шөлдегі қиындыққа тап болуы) Киелі кітаптарға қатысты мәселе емес, бұл дәстүр ретінде кейін қалыптасқан рәсім. Тура осындай қиясты ислам дініндегі «30 күн оразаға» қатысты айтуға болады. Шындығында, Рамазанда бір ай бойы ораза тұту Құранда жоқ, бұл араб халқының ежелгі салт-дәстүрі ғана. Егер Құдайдың сөзіне — Құранға ғана сүйенсек, бұл Киелі кітаптағы ораза жөніндегі сөздің төркіні Тәураттағы Йом Кипур оразасымен ғана байланысып тұр. Яғни, ислам дініндегі ораза тұту мәселесі иудаизмді негіздейтін Киелі кітаптан бастау алып отырғанын көреміз және Тәураттағы осы принцип Құранда да көрініс тауып, мұсылманшылықтың негізгі ұстанымдарына айналып отыр.


Құранда ораза тұту жөнінде 2-сүренің (Бақараның) 183-аяттан бастап айтылады. Әрі қарай оразаны кімдердің тұту-тұтпауы және ораза тұта алмай қалған жағдайда қандай амал істеу қажеттігі түсіндіріледі. Бірақ 2-сүренің 183-аятында оразаның парыз екені айтылмаған. Аталған аят арабшадан аударсақ, мынандай түсінік береді: «Әй мүміндер! Бұрынғыларға ұсыныс етілгендей сендерге де ораза ұсынылды. Сақтықпен қарағайсыңдар!». Мұндағы «ұсыныс» сөзі оразаның парыз (міндет) екенін айшықтап тұрған жоқ. Сондай-ақ, «сақтық» жөніндегі ескертпеге де назар салған жөн.


Оразаны қанша күн тұту керек?


Бұл сұрақты Құранның бірнеше аятына анализ жасап табымыз. Мысалы, 184-аятта «санаулы күн» (арабша ма дудати – санаулы, аз, сирек мағынасында) деп айтылады. «Бір ай» («30 күн») деген сөз жоқ. «Санаулы» деп айтылуына қарағанда, ол санауға жеңіл сан, яғни ол адам қолының саусақтарының санына қатысты цифр. Мұның дәл осындай екені басқа аяттарда да дәлелін тапқан. Денсаулығы жақсы, алыс сапарда қиналып жүрген емес, солай бола тұра ораза тұта алмай өзін кінәлі сезінетін адам «10 кедейді» тамақатандыруы ізгі амал болып есептеледі. Ал ондай амал жасауға Ал ондай амал жасауға шамасы жетпесе, онда «үш күн оразамен» ауыстырылады (5:89). Құранда кедейлерді тамақтандыру амалын соған сәйкес келетін ораза тұтумен де алмастыруға болады (5:95).

Сондай-ақ, 2-сүренің 196-аятында қажылық кезеңде құрбан шалуға мүмкіншілігі болмаған мұсылман «қажылық кезінде 3 күн» және «үйіне оралған соң 7 күн», «толық 10 күн ораза ұстайтыны» айтылған. Көріп отырғанымыздай, толық ораза – 10 күн. Осы және басқа да аяттардағы дәлелге қарап, оразаны тұту мерзімі 10 күн және оразаны бөліп-бөліп өтеуге болады деген тұжырым жасаймыз.


Оразаны міндетті түрде Рамазан айында тұту керек пе?


Құран аяттарына көз жүгіртсек, онда ораза ұстау белгілі бір айға байлап қойылмаған. Егер мұсылман Рамазан айында науқастанып немесе сапар шегу себебінен ораза тұтуға мүмкіншілігі болмаса, онда оны басқа уақыттың «санаулы күндерінде» өтеуіне болады (2:185). Осы аятта Құдайдың адамдарға «жеңілдік қалайтыны, ауыртпалық артпайтыны», мұның бәрі (ораза тұту) «Құдайға шүкіршілік ету» үшін жасалатыны айтылған. Мұндағы Құдайдың адамдарға «ауыртпалық артпайтыны» — басты әрі маңызды тезис. Сондықтан Құдай оразаны «санаулы күн» тұтуды немесе оны басқа да ізгі амал жасаумен алмастыруға мүмкіншілік беріп отыр", - деп жазады журналист.


kaz.caravan.kz


 




Көрілген: 14967    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 15:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31