Ислам діні

Жаназа намазда неге рүкүһ пен сәжде жасалмайды?

  • © ihsan.kz

    © ihsan.kz

Жаназа намазы дұғаның бір түрі болып саналады. Ал дұға кезінде сәжде мен рүкүһ жасау міндетті емес. Яғни, жаназа намаздың астарында Алла Тағаладан қайтыс болған адам үшін кешірім сұрау мен Жаратушының мейірімділігін тілеу жатыр.


Сондай-ақ жаназа намазында Құран оқылмайды, тек дұға айтылады. Дұға мен истиғфардан тұратын бұл намаз түрінің үкімі – парыз-кифая (мұсылмандарға жаппай бұйырылған іс).


Алла елшісі ﷺ: «Жаназа намазын оқығанда, іштеріңнен қайтыс болған адам үшін дұға тілеңдер», - деген. (Әбу Дәуіт, Джанаиз,56). Осыған сәйкес, жаназа намазына қатысып тұрғанның әрқайсына іштей дұға жасап тұру, Алла елшісі өзі жасаған әрі үмбетіне кеңес еткен сүннет амалдарының бірі. Бұл жерде тағы бір ескеретіні, өмірден озған адамның жақсы, жаман болғанына қарамастан шынайы дұға ету қажет. Арғы өмірге аттанған әрбір адам, дұғаға зәру.


Бұдан өзге, жаназа намазы өліге ғана дұға жасаумен шектелмейді. Мысалы, Пайғамбарымыз ﷺ жаназа намаздарының бірінде мына дұғаны оқыған: «Иә, Алла! Өлілерді де, тірілерді де, осы жерде қатысып отырған, бұл жерде жоқ кішкентайлар мен үлкендерді, ерлеріміз бен әйелдерімізді де кешіре гөр. Иә, Алла! Кімге өмір сүру бұйырса, ислам жолында сарп етуін, ал кімге өлім бұйырса, иманмен өмірден озуын нәсіп еткейсің» (Тирмизи, Джанаиз, 38; Әбу Дәуіт, Джанаиз, 56). Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндейтін болсақ:


Жаназа намаз тәкбір мен дұғадан тұрады.

Кез-келген дұғаның негізі – шынайылық.

Жаназа намазында тек өлілерге емес, трілерге де дұға етіледі.

Жаназа намазы кезінде қайтыс болған кісі иманды ма, әлде күнәһар ма, оған қарамастан бар жан-тәніңізбен дұға ету.


 ihsan.kz




Көрілген: 889    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.04.2019, 12:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31