Ислам діні

«Жаназаға бармаңыздар!» - дінтанушы

  • «Жаназаға бармаңыздар!» - дінтанушы

    «Жаназаға бармаңыздар!» - дінтанушы

 лдегі пандемиялық жағдай шынымен ушығып кетті. Осыған байланысты зиялы қауым өкілдері ел азаматтарына карантин талаптарын қатаң сақтап, үйде отыруға шақырып жатыр. Дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы аса жақын туыс болмаса жаназа секілді діни рәсімдерге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қадірлі ағайын мына індеттің түрі жаман. Талай жанды арамыздан алып кетіп жатыр. Барынша сақ болыңыздар. Қайтыс болған кісілердің өте жақын туысы болмасаңыздар, жаназасына да, басқа да рәсімдеріне бармаңыздар. Бір таныс кісі Ақтөбедегі өлімге барып, сол жақтан індетті жұқтырып алған еді, бүгін қайтыс болды. Бір адамды жоқтаймыз деп, үйдегі үлкен кісілерге зиянымыз тиіп жүрмесін. Ауырсаңыздар барлықтарыңызға біздің медицина көмек көрсете алмайтынын көріп отырсыздар. Қарапайым дәрі-дәрмектің өзі тапшы. Емханаларда орын жоқ. «Пешенемізге жазылса ғана өлеміз» деп салғырттыққа, соқыр сенімге баруға болмайды. Жауапсыздығымызды тағдырға жаба салмайық. Алла сақтанғанды сақтайды. Ауырмаңыздар! Раббымызға мүнәжат жасап, дұға етейік!», - деп жазған ол өзінің facebook.com парақшасында.

Skifnews.kz




Көрілген: 1305    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 16:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні
    22 Шілде, 15:29
    ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ
    19 Шілде, 23:36
    ЗИНАҚОРДЫҢ ЖАЗАСЫ
    16 Шілде, 15:38
    ДЕРТКЕ ШИПА АЯТТАР
    5 Шілде, 01:05
    Тәні өлген әйел
    20 Маусым, 18:16
    ДЕРТКЕ ШИПА АЯТТАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31